Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

The power of media

Тоқаев педагогтар мен ғылыми қызметкерлердің материалдық жағдайын жақсартатын заңға қол қойды

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі. Заңға енгізілген түзетулердің бірінші блогы педагогтер мен ғылыми қызметкерлердің материалдық жағдайын жақсартуға бағытталған, делінген Ақорда хабарламасында. Атап айтқанда, белгілі бір ғылыми дәрежесі мен атағы бар педагогтер үшін ай сайын төленетін…

Read more

Бектенов жаңа министрге ақпараттық қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды

Олжас Бектенов ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұжымына Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған ведомствоның жаңа басшысы Жаслан Мәдиевті таныстырды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі. Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Олжас Бектенов жаңа министрге ведомство алдында тұрған маңызды міндеттерді белгіледі. "ЦДИАӨМ-ге жасанды интеллект технологияларын кеңінен қолдану, ІТ-қызметтердің экспортын ұлғайту мақсатында табысты стартаптарды дайындау үшін қолайлы орта…

Read more

Мусиннің орнына кім тағайындалғаны белгілі болды

Бағдат Мусиннің орнына цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына кім тағайындалғаны белгілі болды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі. "Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада. Жаслан Мәдиев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Колумбия университетін, Массачусетс…

Read more

Қазақстанда Ұлттық кітап күні пайда болады

Туризм және спорт министрлігі Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізіміне қосымша дайындады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне тағы бір мереке күні енгізілген: 23 сәуір – Ұлттық кітап күні. Түсіндірілгендей, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үшінші Ұлттық Құрылтайдың негізгі сессиясында қоғамда жоғары кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында берген тапсырмасына байланысты жаңа…

Read more

Қазақстанда тұтас бір сызықты кесіп өткендер жүргізуші куәлігінен айырылады

Қазақстанда бірыңғай тұтас сызықты кесіп өту бойынша жауапкершілік күшейтілді. Бұл туралы БҚО Полиция департаментінде өткен брифингте жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Болат Жаңабаев айтты, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі. Оның айтуынша, енді екі жақты жолдарда тұтас бір сызықты кесіп өткендер жүргізуші куәлігінен айырылады. "Тұтас сызықты кесіп өту жауапкершілігі өзгертілді, енді екі жақты жолдарда тұтас бір…

Read more

Қазақстанда жаңа қызмет құрылды

Премьер-министр Олжас Бектенов орман қорын күзету және қорғау қызметін құру туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі. Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы жаңа республикалық азаматтық қорғау қызметі төтенше жағдай кезінде, оның ішінде орман өрттерін сөндіру барысында орман шаруашылығы мекемелерінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. "Орман өрттеріне қарсы іс-қимыл ормандарды көбейтуге және ағаштарды кесуге…

Read more

Астана және Павлодарда терроризмді насихаттады деген үш күдікті ұсталды

Астана және Павлодарда терроризмді насихаттады деген күдікпен Қазақстанның 3 азаматы ұсталды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі. Биыл 2-3 мамырда Астана және Павлодарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен өзара әрекеттесе және прокуратура органдарының үйлестіруімен Қазақстанның 3 азаматын ұстады. "Олар терроризмді насихаттады және республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысты деп күдіктеліп отыр. Тінту барысында діни әдебиеттер…

Read more

Тоқаев православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі. Президент мереке кезінде діндар қауым зор қуанышқа кенелетінін, болашағы жарқын боларына сенімі артатынын айтты. "Құрметті еліміздің православ қауымы! Баршаңызды Пасха мерекесімен құттықтаймын! Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі. Мереке кезінде діндар қауым зор қуанышқа кенеледі, болашағы жарқын боларына сенімі артады.     Жалпыұлттық…

Read more

Тоқаев Ұлттық ұлан авиабазасының ашылу рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы Ұлттық ұлан авиабазасының ашылу рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі. Мемлекет басшысы, ең алдымен, жиынға қатысушыларды алдағы Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, бұл отаншылдық сезімді оятып, жауынгерлік рухты арттыратын мәртебелі мереке екенін айтты. Сонымен қатар, Қарулы Күштерді егемен еліміздің мықты қалқаны, бейбітшілік пен тұрақтылықтың мызғымас тірегі ретінде атап өтті. "Авиациялық базаның ашылуы -…

Read more

Қазақстанда жеке куәліктерде өзгерістер болады

Қазақстанда жеке куәлік дизайны мен мәліметтері өзгереді. Ішкі істер министрінің бұйрығына тиісті өзгерістерді ІІМ әзірлеген, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі. Түзетулер жеке куәліктің алдыңғы бетіне "Жынысы" бағанын қосуды қамтиды. "Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің беткі жағында Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі иесінің фотобейнесі, қолы және дербес деректері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні,…

Read more

Қазақстанда жеке куәлік дизайны мен мәліметтері өзгереді. Ішкі істер министрінің бұйрығына тиісті өзгерістерді ІІМ әзірлеген, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.

Түзетулер жеке куәліктің алдыңғы бетіне “Жынысы” бағанын қосуды қамтиды.

“Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің беткі жағында Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі иесінің фотобейнесі, қолы және дербес деректері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жынысы және жеке сәйкестендіру нөмірі орналасады”, – делінген құжатта.

Азаматтың жеке куәлігінің артына азаматтық туралы мәліметтерді қосу ұсынылып отыр.

“Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің сыртқы жағында штрих-код түрінде кодталған ЖСН, микросхеманың байланыс бөлігі, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі иесінің туған жері, ұлты және азаматтығы туралы дербес деректері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін берген орган, берілген күні және қолданылу мерзімі туралы мәліметтер орналасады. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінде ұлты Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі иесінің қалауы бойынша көрсетіледі”, – делінген хабарламада.