Share This Article
Бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысында “Аманат” фракциясының депутаттары Қазақстанда кәмелет жасына толмаған балалардың TikTok әлеуметтік желісін пайдалануына қатаң шектеу қоюды немесе мүлдем тыйым салу тетіктерін қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды barysmedia.com.
“Сөз жоқ, қазір – ақпараттық ғасыр. Әлеуметтік желілер өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Пайдалы жағы да жоқ емес. Алайда ұлттық тәрбие мен дәстүр-салтымыздың уықтарын талқандап, ақыл тоқтатпаған, жақсы мен жаманды әлі толық ажыратып үлгермеген балалар мен жасөспірімдерді меңдуана жегендей меңіреу әлемге бастап бара жатқан жағдайдың алдын алмасақ опық жейміз”, – дейді Жанарбек Әшімжан.