Skip to content Skip to sidebar Skip to footer
news

The power of media

Үкімет коммуналдық тарифтерді көтеруді кейінге қалдырды

Қазақстан Үкіметі коммуналдық қызметтердің тарифін көтеру туралы шешімді кейінге қалдырды, деп хабарлайды barysmedia.com. Мәліметке сәйкес, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында инфляция деңгейі 16,1 пайызға жеткен. Инфляцияның өсуіне ең көп әсер еткен факторлардың бірі – ақылы қызметтердің қымбаттауы болған. «Осыған байланысты Үкімет коммуналдық қызметтер тарифінің өсу қарқынын реттеу туралы шешім қабылдады. Олардың өсуін ішінара кейінге қалдырды. Бұл…

Read more

Трамп Қазақстан тауарларына 25% баж салығын енгізетінін мәлімдеді

Трамп Тоқаевқа Қазақстан тауарларына баж салығын енгізу туралы хат жазды, деп хабарлайды barysmedia.com. АҚШ президенті Дональд Трамп 7 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған хатында 2025 жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстаннан әкелінетін барлық тауарға 25% көлемінде кедендік баж салығын енгізетінін айтты. Ақ үй басшысы хат мәтінін Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. «2025 жылғы 1 тамыздан бастап…

Read more

Президент қазақстандықтарды алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, - деп хабарлайды barysmedia.com. "Домбыра – ұлт болмысы, халық қазынасы. "Қазақ – нағыз қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра". Әсіресе, өскелең ұрпақтың домбыраға деген ықыласы ерекше. Жастар төл мәдениетімізді терең түсініп, салт-дәстүрімізге құрметпен қарайды. Бұл – өте жақсы үрдіс. Өйткені ата-бабаларымыздың мәдени мұрасын көздің қарашығындай сақтау – нағыз…

Read more

Тоқаев Дональд Трампты құттықтады

Мемлекет басшысы АҚШ Президентін құттықтады, - деп хабарлайды barysmedia.com. Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік күніне орай Президент Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы бұл айтулы күнді Америка халқының табандылығы мен өршіл рухының, бостандық және демократия қағидаттарына мызғымас беріктігінің символы ретінде атап өтті. "Мен екіжақты кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға ұмтылысымды тағы…

Read more

12 маусымда ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы күрт өзгереді

«Қазгидромет» РМК 5, 6 және 7 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің хабарлауынша, алдағы күндері Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды barysmedia.com. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің көптеген өңірлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 5 шілдеде республиканың солтүстігінде, ал 5-6 шілдеде шығыс өңірлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі және дауыл соғуы…

Read more

Тоқаев жаңа көлік министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты қабылдады, - деп хабарлайды barysmedia.com. Кездесу барысында еліміздің көлік-транзит әлеуетін одан әрі арттыру шаралары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан аумағы арқылы жүк тасымалын ұлғайту үшін автомобиль жолдары мен авиахабтар желісін белсенді дамыту маңызды екеніне назар аударды. Сонымен қатар теміржол саласындағы ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы жүзеге асыру мәселесіне айрықша мән берілді.…

Read more

Бұрынғы вице-министрлер қамауға алынды

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ және "Бірінші кредиттік бюро" ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты ірі көлемде пара алу және пара беру дерегі бойынша соталды тергеуді бастады, - деп хабарлайды barysmedia.com. Тергеу барысында "Бірінші кредиттік бюро" ЖШС басшылығы қаржы ұйымдарының сұраныстарын өңдеуге ақпараттық қызмет көрсету кезінде "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ басшылығына жүйелі…

Read more

ҚТЖ-ға жаңа басшы тағайындалды

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының (ҚТЖ) жаңа басқарма төрағасы болып Талғат Алдыбергенов тағайындалды, - деп хабарлайды barysmedia.com. Талғат Алдыбергенов бұл қызметке дейін "Қазақстан темір жолы" басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. ҚТЖ басқармасының жаңа төрағасын ұлттық компания ұжымына "Самұрық-Қазына" басшысы Нұрлан Жақыпов таныстырды.

Read more

Трамп Сирияға салған санкцияларын алып тастады

АҚШ президенті Дональд Трамп Сирияға салған экономикалық санкцияларды алып тастау туралы жарлыққа қол қойды. Ақ үй бұл шешімді Сирияда тұрақтылық пен бейбітшілікті орнатуға бағытталған қадам деп сипаттады, деп хабарлайды barysmedia.com. Жарлықта АҚШ-тың аймақтағы тұрақтылық пен бейбітшілікке бейілділігі атап өтілген. «Біртұтас және қауіпсіз Сирия террорлық ұйымдарға пана бермей, діни және этникалық аз топтарды қорғауы тиіс. Мұндай…

Read more

Тоқаев аумақтық қорғаныс туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, - деп хабарлайды barysmedia.com. Заң Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы саласындағы мемлекеттік саясатының ұйымдық-құқықтық негізін қалыптастырады және қоғамдық қатынастарды құқықтық жағынан реттейді. "Бұдан бөлек заң аумақтық қорғанысты материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелерін реттейді. Қорғаныс министрлігіне тиісті функциялар бере отырып, бұл салаға мемлекеттік бақылау енгізілді. Құжат аумақтық…

Read more

Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы” Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, – деп хабарлайды barysmedia.com.

Заң Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы саласындағы мемлекеттік саясатының ұйымдық-құқықтық негізін қалыптастырады және қоғамдық қатынастарды құқықтық жағынан реттейді.

“Бұдан бөлек заң аумақтық қорғанысты материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелерін реттейді. Қорғаныс министрлігіне тиісті функциялар бере отырып, бұл салаға мемлекеттік бақылау енгізілді. Құжат аумақтық қорғаныстың тиімді жүйесін қалыптастыруға және төтенше жағдайлар кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Тиісті шараларды ұйымдастыруға және жеткілікті деңгейде қаржыландыруға байланысты бірыңғай тәсілдердің қағидаттары айқындалды”, – деп жазылған хабарламада.

Қазақстанда аумақтық қорғаныс күштері COVID-19 пандемиясы кезінде, сондай-ақ, 2020 жылы Сардоба су қоймасындағы жарылыс салдарын жоюға, 2022 жылы Қостанай облысындағы орман өртін сөндіруге, 2024 жылы еліміздің солтүстік-батыс өңірлерінде болған су тасқынын еңсеруге жұмылдырылған.