Share This Article
Астаналық клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, клубтың бас директоры болған Ғазинұр Әлімов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кеткен, деп хабарлайды barysmedia.com.
Бүгін директорлар кеңесінің төрағасы Михаил Гурман елордалық клубтың ұжымына жаңа басшы – Қайсар Бекеновті таныстырған.
Айта кетейік, Қайсар Рауфұлы 2013-2019 жылдары клубта басшылық қызметте болған. Бұл кезеңде елордалық клуб ел ішіндегі барлық трофейді жеңіп алған. Сондай-ақ еурокубоктарда тарихи жетістіктерге қол жеткізген.