Share This Article
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Жетісу» футбол клубының директоры сотталды, деп хабарлайды barysmedia.com.
Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубы КМҚК директоры К.Дөңсебаевқа қатысты үкім шығарды.
Тергеу мәліметі бойынша, ол оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде клуб футболшыларының тамақтануына бөлінген 31,9 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Залалдың толық өтелуіне және ауыр сырқаттың болуына байланысты Дөңсебаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.