Share This Article
“Қазгидромет” Алматы мен Астанадағы 6-8 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды barysmedia.com.
Алматы
🔹 6 наурыз – Күн ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман түсіп, жолдар көктайғақ болуы мүмкін. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Түнде -2…-4°C, күндіз +8…+10°C.
🔹 7 наурыз – Күн құбылмалы, кей жерлерде жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел 5-10 м/с. Түнде ауа температурасы 0°C, күндіз +4…+6°C.
🔹 8 наурыз – Ауа райы құбылмалы, кей жерлерде жаңбыр мен қар күтіледі. Тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 3-8 м/с. Түнде 0…-2°C, күндіз +3…+5°C.
Астана
🔹 6 наурыз – Күн құбылмалы, түнде қар жауып, күндіз жаңбыр аралас қар күтіледі. Боран соғып, жолдар көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде -6…-8°C, күндіз 0°C шамасында.
🔹 7 наурыз – Ауа райы құбылмалы, кей жерлерде жаңбыр мен қар жауады. Боран соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с. Түнде -3…-5°C, күндіз 0…-2°C.
🔹 8 наурыз – Түнде қар жауып, күндіз жаңбыр аралас қар күтіледі. Боран мен көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с. Түнде -5…-7°C, күндіз 0…-2°C.
Мамандар жолда абай болуға, жылы киініп, ауа райы өзгерістеріне дайын жүруге кеңес береді. 🌨️❄️