Share This Article
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт брифингте АҚШ-тың Украинаға әскери көмекті тоқтатуы – қаржыландыруды қайта қарастыруға байланысты уақытша үзіліс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды barysmedia.com.
Ливитттің айтуынша, Ұлттық қауіпсіздік кеңесі бұл шешімді қабылдаған.
“Олар (Ұлттық қауіпсіздік кеңесі) маған Украинаға қаржыландыруды тоқтатып, оны қайта қарастырып жатқанын айтты. Көріп отырғандарыңыздай, бұл – қайта қарастыру үшін жасалған үзіліс”, – деді Ливитт.
Алайда ол болашақта әскери көмек қайта жалғасады ма, жоқ па деген сұраққа нақты жауап беруден бас тартты.
Сонымен қатар журналистер Ақ үйдің баспасөз хатшысынан АҚШ пен Украина арасындағы барлау ақпаратын алмасудың тоқтатылуы туралы пікір білдіруді сұрады.
“Бұл мәселеге қатысты түсініктеме алу үшін Ұлттық қауіпсіздік кеңесіне немесе Орталық барлау басқармасына жүгінуге кеңес беремін”, – деп жауап берді Ливитт.