Share This Article
Америка Құрама Штаттарының астанасы Вашингтондағы Рональд Рейган әуежайының маңында ұшақ пен тікұшақ соқтығысып, өзенге құлады, деп хабарлайды barysmedia.com.
Бұл туралы АҚШ-тың Федералды авиация әкімшілігі (FAA) хабарлады.
Ұшақ Вичита қаласынан Вашингтонға бағыт алған және ол қонуға жақындап келе жатқан кезде әскери тікұшақпен соқтығысып, апатқа ұшырады. Қақтығыс нәтижесінде ұшақ өзенге құлады, ал оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары басталды.
BBC хабарлағандай, ұшақтың ішінде 60 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі болған. Ақпарат көздерінің айтуынша, қазірге дейін құрбандар туралы дерек жоқ, ал құтқарушылар апат орнына жетіп, құтқару жұмыстарын бастады. Аэропорт бұл уақыт аралығында ұшақтарды қабылдау мен жіберуді тоқтатты.