Share This Article
CNN арнасы Оңтүстік Кореяның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосы ел президенті Юн Сок Ельдің қамауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды barysmedia.com.
Телеарна мәліметінше, 14 қаңтар күні таңертең тергеушілер оны екінші рет қамауға алу ниетімен ресми резиденциясына келген.
Оған дейін Юн Сок Ёль қысқа видеоүндеу жазып, өз ұсталуын заңсыз деп санайтынын мәлімдеген. Полицияға мойынсұну шешімін ол қантөгістен қашу ниетімен түсіндірді.
Қаңтар айының басында мемлекет басшысын ұстауға тырысқан әрекет тергеушілер мен оның жақтастары арасындағы қақтығысқа ұласқан еді. Сол кезде Юн Сок Ёльдің жүздеген жақтасы резиденцияға кіреберісті жауып тастаған, ал президенттің қауіпсіздік қызметі бұл аумақтың қорғалатын мәртебесін алға тартып, тергеушілерге кіруге рұқсат бермеген. Бес сағатқа созылған қақтығыстан кейін ордер орындау тоқтатылды.
Оңтүстік Корея президенті желтоқсан айының басында елде әскери жағдай енгізуге тырысқан, содан кейін парламент оны бүлік жасауға талпынды деп айыптап, импичмент жариялаған.