Share This Article
Қазақстанның әділет министрі қызметіне тағайындалған Ерлан Сәрсембаев бүгін Үкімет отырысында Қазақстан халқына ант берді, деп хабарлайды barysmedia.com.
“Қазақстан халқы мен президенті алдында өз Отаным – Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін”, – деді Сәрсенбаев Үкімет отырысында.