Share This Article
Бұл туралы 2024 жылдың қарашасындағы Иммиграция және кедендік бақылау қызметінің (ICE) есебінде айтылған, деп хабарлайды Fox News, деп хабарлайды barysmedia.com.
Жалпы, 1 445 549 шетелдік азаматты депортациялау жоспарланған. Олардың ішінде көш бастап тұрғандар:
Мексика – 252 044 адам
Гватемала – 253 413 адам
Гондурас – 261 651 адам
Сальвадор – 203 822 адам
Сондай-ақ, тізімде Қытайдың 37 908 азаматы мен Орталық Азия елдерінің өкілдері бар:
Өзбекстан – 975 адам
Қырғызстан – 319 адам
Тәжікстан – 149 адам
Түрікменстан – 40 адам
Қазіргі уақытта бұл азаматтар қамауда емес, бірақ оларға қатысты түпкілікті депортация шешімі шығарылған.
Есепте бүгінде жоқ елдер – КСРО мен Югославия да аталған. Осы елдердің төлқұжаттары бар азаматтар олардың орнына құрылған мемлекеттерге депортацияланатын болады.
Бұған дейін АҚШ билігі заңсыз мигранттарға елден өз еркімен кетуді ұсынған болатын. Қазақстан елшілігі де миграциялық саясаттың қатаңдайтыны туралы ескерту жасаған.