Lumacheria Italiana построит в Жамбылской области ферму по производству улиток, инвестиции превысят 2 млн евро, сообщает пресс-служба акимата региона.
«В Жамбылской области итальянская компания Lumacheria Italiana в этом году планирует…
Российские войска в рамках выполнения целей спецоперации могут дойти до Киева, поскольку оттуда исходит угроза существованию России. Об этом заявил запред Совбеза России Дмитрий Медведев в интервью российским СМИ, фрагмент…
Мужчину задержали еще в январе, однако известно об этом стало только сейчас.
«30 января 2024 года Комитетом национальной безопасности при координации органов прокуратуры по подозрению в совершении киберпреступлений в сфере…
Республикалық маңызы бар 2 автожол жабылды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
22 ақпан сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу…
Қарағанды тұрғыны электронды мемлекеттік қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылғы 30 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура…
22 ақпанда түнгі сағат 00:26 кезінде Алматы тұрғындары 2 баллдық жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Сейсмикалық станциялар желісінің дерегінше, зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 шақырым жерде, Қытай…
Қазақстан Президенті Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Сапар аясында Мемлекет басшысы «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысады, сондай-ақ бірқатар кездесу өткізеді.
Павлодар облысының Майқайың кентінде тағы бір төтенше жағдай болды. Кентті ауыз сумен жабдықтайтын құбырдан ақау шыққан. Ақаудың учаскесі "Екібастұз қалалық су арнасы" МКК екінші көтергіш сорғысынан 27 шақырым қашықта орналасқан,…
ІІМ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топпен жолға қойылған синтетикалық есірткі өндіру және тарату арнасына тосқауыл қойды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Шетелдік үш азаматқа қатысты трансұлттық ұйымдасқан топ құрғаны, оған басшылық…
Мәжіліс депутаттары 21 ақпанда палатаның жалпы отырысында педофилия мен балаларды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын енгізетін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Мұндай…
Мәжіліс депутаттары 21 ақпанда палатаның жалпы отырысында педофилия мен балаларды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын енгізетін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, — деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Мұндай нормалар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізілген.
Құжатты депутат Жұлдыз Сүлейменова таныстырды.
«Жаңа редакцияда, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылды. Сондай-ақ жаңа редакцияда денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіргені үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылды.
Балалардың құқығын қорғау саласында 2 жаңа норма қарастырылды. Жаңа редакцияда педофилия үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру қарастырылды. Жаңа редакцияда баланы өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру қарастырылды», — деді ол.
Сондай-ақ Жұлдыз Сүлейменов азаптауға байланысты да жаңа норма барын жеткізді.
«Жаңа редакцияда азаптау үшін 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа жегу не 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылды», — деді депутат.
Сонымен қатар, ол отбасының шырқын бұзатындар жазадан тыс қалмайтынын айтты.
«Егер отбасында ойран салған азаматтың басқа тұрғын үйі болса, оның жәбірленушімен бір тұрғын үйде тұруына сот арқылы тыйым салатын норма болды, бірақ ол жұмыс істеген жоқ. Жаңа редакцияда, зорлық-зомбылықа ұшыраған адамды қорғау үшін сот ерекше жағдайларда отбасында жанжал шығарып, құқық бұзған адамды белгілі бір мерзімге жарымен, бала-шағасымен бірге тұруға тыйым салу түріндегі құқықтық ықпал ету шарасын қолдануға құқылы», — деді Жұлдыз Сүлейменова.
Дауыс беру нәтижесінде заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.