Ішкі істер министрлігін басқарған Ерлан Тұрғымбаев ұсталды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Бұл ақпаратты Бас прокуратура растады.
«29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Е.З.Тұрғымбаев ұсталды. Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты сотқа…
Подробнее
Ата-аналар "Алматыда баланы қайда қыдыртуға болады" деген сұраққа жиі ойланады. Қаламызда көптеген ойын-сауық орталығы, ойын алаңы мен саябақтар және таным көкжиегін арттыратын орындар бар. barysmedia.com балаларға арналған осындай таңдаулы орындарды жинап шықты.
Ойын алаңдары
Aspan park - ауданы 3000 шаршы метрден асатын балалар ойын-сауық орталығы. Мұнда балалар мен ата-аналар Clip N Climb өрмелеу қабырғасын, балалар ойын…
Подробнее
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Комиссия жалпы көлемі 40 млрд теңгеден астам сомаға заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке ерікті түрде қайтару жөніндегі келісімдерді мақұлдады, оның 38 млрд теңгеден астамы – ақшалай қаражат, сондай-ақ Астанадағы құны 2 млрд теңге тұратын бизнес-орталық.…
Подробнее
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов еліміздің батысындағы су тасқыны жағдайы бойынша жедел кеңес өткізді, онда өңірді ауқымды тасқыннан қорғау мақсатында ұзақ уақыт бойы күшейтілген жұмыс жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Үкімет басшысы Атырау облысы басшылығының алдына қала мен елді мекендерді жылжып келе жатқан тасқын сулардан барынша қорғау міндетін қойды. Үкіметке Батыс Қазақстан облысындағы секілді жұмыс…
Подробнее
Қазгидромет 30 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялап, бірнеше өңірге ескерту жасады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, республикамыздың басым бөлігінің ауа райына атмосфералық фронтальды бөліктердің әсері болады, осыған байланысты солтүстік-батыс, солтүстік, орталық өңірлерде қатты жаңбыр жауады, ал оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде аралас жауын-шашын болады.
"Республикамыз бойынша желдің екпін…
Подробнее
2024 жылғы 29 сәуірде экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша жарыссөздің басталуы 10:00-ден 14:30-ға кейінге қалдырылды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Сот отырысы залында сотталушылардың болмауы себеп болды.
Бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі сотында Қуандық Бишімабевтің ісі бойынша жарыссөз басталуы тиіс еді. Оны ҚР ҚК екі бабы бойынша айыптауда:
ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша ("ерекше…
Подробнее
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы, 16 жасар Адам, жаңа лауазымға ие болды. Ол Владимир Путин атындағы Ресей арнайы күштерінің (РУС) кураторы болды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Тағайындау туралы Қадыровтың өзі жеке Telegram-арнасында хабарлады. Саяси қайраткер ұлының міндеттерін өте жақсы орындайтынына сенімді.
Сондай-ақ, бұл шешім РУС басшысы Байбетар Вайхановтың өтініші бойынша қабылданғанын айтты.
"Адам Қадыров атақты…
Подробнее
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Qarmet АҚ-ның жаңа инвесторы Андрей Лаврентьев кәсіпорынға инвестиция құйып, шахтерлердің жалақысын көтергенін айтты, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Анас Баққожаев Qarmet АҚ-ның жаңа басшылығы кәсіпорынды дамыту үшін қандай жұмыс істеп жатқанын сұрады.
"Біз Қарағанды металлургиялық комбинатын (ArcelorMittal АҚ) қайтарып алғанда бүкіл қолғам қуанды. Себебі, ол…
Подробнее
Мамыр айындағы мереке күндеріне арналған ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лардың мерекелік күндердегі жұмыс кестесі жария болды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лардың мамыр айындағы жұмыс тәртібі өзгереді, себебі, қазақстандықтар бұл айда үш мемлекеттік мерекені атап өтеді. Барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары, соның ішінде мамандандырылған орталықтар 1, 7, 9 мамыр күндері жұмыс істемейді.
4 мамырда…
Подробнее
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған бір топ депутат Қытайға ресми сапармен барды, деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Бейжіңде депутаттар Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің Төрағасы Чжао Лэцзимен, Қытай Халық Республикасының Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Ван Хунинмен және Қытай Халық Республикасы Төрағасының орынбасары Хань Чжэнмен кездесті.
Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық…
Подробнее
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған бір топ депутат Қытайға ресми сапармен барды, деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Бейжіңде депутаттар Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің Төрағасы Чжао Лэцзимен, Қытай Халық Республикасының Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Ван Хунинмен және Қытай Халық Республикасы Төрағасының орынбасары Хань Чжэнмен кездесті.
Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесуде тараптар парламентаралық диалогтан бастап екі ел арасындағы экономикалық және мәдени ынтымақтастыққа дейінгі көптеген мәселені талқылады.
«Кейінгі екі жыл Қазақстан мен Қытай тарихындағы маңызды кезең болды. Мемлекет басшыларымыздың күш-жігерінің арқасында ол жаңа деңгейге көтерілді. Біздің парламенттер арасындағы өзара іс-әрекет көшбасшыларымыздың қол жеткізген уағдаластықтарын іске асыруға бағытталуға тиіс. Біздің өткен жылы жоспарланған осы ресми сапарымыз парламентаралық байланыстарды жан-жақты нығайтуға жақсы мүмкіндік береді. Өткен жылы жоспарланған осы ресми сапар Парламентаралық байланысымызды одан әрі арттыруға септігін тигізеді», — деді Ерлан Қошанов.
Мәжіліс спикері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан жүйелі өзгерістер туралы, сондай-ақ Мәжілістің қазіргі қызметі жайлы айтып берді.
Қазақстан депутаттары қытайлық әріптестерінің тәжірибесіне, соның ішінде, жасанды интеллект пен төтенше жағдайларға қарсы күрес саласындағы тәжірибесіне ерекше қызығушылық танытты.