Share This Article
Hürriyet газетінің мәліметінше өрт 21 қаңтарға қараған түні Түркияның солтүстік-батысындағы Болу провинциясында орналасқан Карталкая тау шаңғысы курортындағы қонақүйде шыққан, деп хабарлайды barysmedia.com.
Газет мәліметінше, өрт кезінде қонақүйде 237 қонақ болған. Қонақүй ағаштан салынғандықтан, өрт өте жылдам тараған.
Түркияның ішкі істер министрі Әли Ерликаяның мәлімдеуінше, өрт салдарынан кемінде 66 адам қаза тауып, тағы 51 адам жарақат алған. Оның айтуынша, оқиға орнында әртүрлі мемлекеттік мекемелердің 260-тан астам қызметкері жұмыс істеп жатыр.
“Терең күйзеліп отырмыз. Өкінішке қарай, осы қонақүйде шыққан өрттің салдарынан 66 адамның өмірін жоғалттық”, – деді министр оқиға орнын аралағаннан кейін журналистерге.