Share This Article
Ұлттық банк валюта айырбастау ережелерін өзгертпек, деп хабарлайды barysmedia.com.
Ұлттық банк “Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу мен сату бағамдарының айырмашылық шектерін белгілеу туралы” қаулы жобасын әзірлегенін мәлімдеді.
Құжатқа сәйкес, айырбастау пункттерінде шетел валютасын теңгеге сатып алу мен сату бағамдарының арасындағы айырмашылық шегі АҚШ доллары үшін 7 теңге, ал еуро үшін 10 теңге болып бекітілуі ұсынылды.
“Бұл өзгерістердің негізгі мақсаты – валюта нарығындағы алыпсатарлық әрекеттерді азайту және қаржы нарығына қатысушылардың тәуекелдерін төмендету. Аталған шектеулер тек қолма-қол ақша айырбастау операцияларына қатысты, ал қолма-қол ақшасыз операцияларға әсер етпейді”, – делінген ресми хабарламада.