Президенттің Алматыдағы жұмыс сапарын Footlab футбол орталығының қызметімен танысудан басталды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңа орталықтың пилоттық режимде жұмыс істей бастағаны туралы мәлімет берілді. Мұнда қазір жоғары білікті 8 бапкер 50 баланы жаттықтырып жатыр. «Smart Football» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы Мұрат Медеуовтің айтуынша, футбол академиясында 5 жастан 12 жасқа дейінгі…
Kazakhstan Kagazy-дің бұрынғы бас директоры Мақсат Әріпке іздеу жарияланды, деп хабарлайды barysmedia.com құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталына сілтеме жасап.
Іздеу ісі 23 қаңтарда Қазақстан қаржы мониторингі агенттігінің бастамасымен Алматы облысында тіркелді.
Мақсат Әріп 2003-2008 жылдар аралығында Kazakhstan Kagazy-н басқарды.
Алматыдан 275 шақырым жерде Қытайда жерасты дүмпулері тағы тіркелді. Бұл өткен түнде Қазақстан маңында болған алтыншы жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция деректеріне сілтеме жасап.
"Сейсмикалық станциялар желісі 25 қаңтарда Алматы уақыты бойынша 07:43-те жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 275 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан", - делінген…
ҰҚК діни радикалдарды ұстау туралы мәлімет берді, - деп хабарлайды barysmedia.com/тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне ілтеме жасап.
ҰҚК 2024 жылғы 20 және 24 қаңтарда прокуратура және полиция органдарының жәрдемімен Астана, Шымкент қалаларында және Ақтөбе облысында діни радикалдар әрекетінің жолын кесу бойынша операциялар өткізген.
"Жедел қызметкерлер терроризмді насихаттады және қаржыландырды деген күдікпен үш адамды ұстап, қамауға алды. ҚР…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Президент ертең бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды аралап, әкімдіктің мегаполистегі жол-көлік жүйесін дамыту жоспарымен танысады.
Сондай-ақ сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізу жоспарланып отыр.
Қазақстанда жаңа туған нәрестеге жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) туғаннан кейін бірден – 20 минут ішінде беріледі. Бұл өзгерісті көздейтін заң жобасын бүгін Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Депутаттардың айтуынша, бұл норма бала саудасына қарсы күрес үшін қажет. Ол тек қазақстандықтарға ғана емес, республика аумағында туған шетел азаматтарына да қатысты болады.
Қазақстанда ауа райы нашарлауына байланысты екі облыстағы жолдар көліктің барлық түрлері үшін уақытша жабылды, деп хабарлайды barysmedia.com "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 қаңтарда сағат 11.00-дегі ахуал бойынша ауа-райының қолайсыздығы салдарынан 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Жетісу облысында – 1 учаске
"Үшарал-Достық" 84-184 шақырым,…
Қазақстанда вейптерді әкелуге, өндіруге және сатуға тыйым салынады. Тиісті заңды бүгін Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда мақұлдады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Депутат Гүлдара Нұрымованың айтуынша, "Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңда жаңа нормалар қарастырылған.
"Электрон тұтыну жүйелерін (вейп) әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға толық тыйым салуды белгілейтін нормалар көзделген", -…
Алматыдан 250 шақырымда жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Жер сілкінісін Төтенше жағдайлар министрлігінің "ННЦСН и И" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 24 қаңтарда Астана уақытымен сағат 07:35-те тіркеді.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,3. Магнитудасы MPV - 4,9", - делінген хабарламада.
Ертең Қазақстанда телеарналар мен радио уақытша жұмыс істемейді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
"24 қаңтарда сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана қаласының уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", - делінген хабарламада.
"Қазтелерадио" АҚ үздіксіз және сапалы телерадио хабар таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және…
Ертең Қазақстанда телеарналар мен радио уақытша жұмыс істемейді, — деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
«24 қаңтарда сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана қаласының уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз», — делінген хабарламада.
«Қазтелерадио» АҚ үздіксіз және сапалы телерадио хабар таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы профилактикалық жұмыс жүргізеді.

