Венгрияның Дебрецен қаласында өткен бокстан Иштван Бочкай атындағы турнир өз мәресіне жетті. Жарыста қазақстандық боксшылар бес алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, Қазақстан командасы атынан Асхат Жүсіпов (48 келі), Асылжан Серікбай (57 келі), Бeйбарыс Жексен (60 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі) және Ерасыл Жақпеков (80 келі) чемпион…
Ыстамбұлда 3,5 мыңнан астам мешіт бар, яғни орта есеппен шаһардың 4356 тұрғынына бір мешіттен келеді деген сөз. Ал солардың ішінде ең танымалы – Сұлтанахмет мешіті. Бұл – қасиетті қалаға қадам басқан кез келген адам міндетті түрде баратын орын. Көпшілік арасында Көк мешіт деп те аталатын бұл нысан – әлемде теңдесі де, ұқсас сыңары да жоқ…
Ыстамбұл дегенде, алдымен көзге Айя София мешіті елестейтіні рас. Сондықтан Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі және TGA (Түркия туризм таныту және дамыту агенттігі) ұйымдастырған баспасөз турымыздың дәл осы киелі орыннан басталуы заңдылық. Қатпар-қатпар тарихты қазыналы сандықтай бүгіп тұрған ғимараттың бүгінгі күнге қаз-қалпында жетуі таңғалдырмай қоймайды. Әйтпесе мұнда талай соғыс та, табиғи апат та болған. …
Былтыр Түркияға 52 млн турист барыпты. Оның дені әлбетте сұлу да сырға толы Стамбулға ағылған. Мұнда бір келумен шектелуге әсте болмас. Себебі сан ғасырлық тарихтың куәгері туристерді баурай береді. Оны зерттеуге тырысасың. Өткенінен бөлек, бұл қаланың бүгіні де қызық. Осынау айрықша мекенге біз де табан тіредік.
СТАМБУЛДАҒЫ ЕҢ АЛЫП ОРТАЛЫҚ Қаңтардың ортасын еңсердік. Астанада…
Қасым-Жомарт Тоқаев Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездесті, - деп хабарлайды barysmedia.com Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Рим Папасының шақыруымен Қасиетті Таққа алғашқы ресми сапарын жасады.
Қазақстан Президенті сөзінің басында әлемдегі адамзаттың игілігі жолындағы қажымас қайраты мен қажырлы күш-жігері үшін Католик шіркеуінің Жоғарғы Понтификіне ризашылығын білдірді.
"Сіздің дүниежүзі халқына бейбітшілік тілеген дұғаларыңыз мыңдаған католиктің ғана емес, басқа…
Сауда және интеграция министрлігі бірыңғай сағат белдеуіне көшу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Министрлік мәліметінше, "Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы" Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілген.
"Өзгерістерге сәйкес, 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі орнатылады. Осылайша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына 5-ші уақыт белдеуі (UTC+5) қолданылады", - делінген…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискпен кездесу үшін Ватиканға барды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Мемлекет басшысының келуіне орай Швейцария гвардиясының құрметті қарауылы жасақталған. Қазақстан Президентін Папа сарайы префектурасының регенті Леонардо Сапиенца қарсы алды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия Министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонидің арасында өткен келіссөзден кейін бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.
Қол қойылған құжаттар тізімі:
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі арасындағы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер жерленген орындардың мәртебесіне қатысты келісім;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Италия Республикасының…
Ұлттық құрылтай құрамында ротация жасалды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Ұлттық құрылтайдың жұмысына жұртшылықтың жаңа өкілдері – ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, "Қазақстан кәрістер қауымдастығы" ЗТБ төрағасы Юрий Шин, Қазақстанның Еңбек Ері, Семей қаласындағы № 7 мектеп-лицейінің мұғалімі Алма Шұқыжанова, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әуесбаев, Никита Шаталов, Zhubanov university…
Батыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар бір жол жабылды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ауа райының қолайсыздығына байланысты Батыс Қазақстан облысының "Чапаев-Жалпақтал-Қазталов-РФ шек." республикалық маңызы бар автожолының 145-201-шақырымы, Жалпақтал а. -Қазталов а. арасында көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді", - делінген хабарламада.
Республикалық маңызы…
Батыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар бір жол жабылды, — деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі «ҚазАвтоЖол»-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты Батыс Қазақстан облысының «Чапаев-Жалпақтал-Қазталов-РФ шек.» республикалық маңызы бар автожолының 145-201-шақырымы, Жалпақтал а. -Қазталов а. арасында көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді», — делінген хабарламада.
Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 239 бірлік техника және 360 жолшы жұмылдырылды.

