Share This Article
Қазақстанда ауа райы нашарлауына байланысты екі облыстағы жолдар көліктің барлық түрлері үшін уақытша жабылды, деп хабарлайды barysmedia.com “ҚазАвтоЖол” баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 қаңтарда сағат 11.00-дегі ахуал бойынша ауа-райының қолайсыздығы салдарынан 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Жетісу облысында – 1 учаске
- “Үшарал-Достық” 84-184 шақырым, Көктұма ст.-Достық ст.– 100 шақырым.
Батыс Қазақстан облысында – 1 учаске
- “Чапаев-Жалпақтал-Қазталов” 0-213 шақырым, Чапаев к.-Қазталов к. – 213 шақырым.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 648 бірлік техника және 1381 жолшы жұмылдырылды.