Алматыдан 250 шақырымда жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Жер сілкінісін Төтенше жағдайлар министрлігінің “ННЦСН и И” ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 24 қаңтарда Астана уақытымен сағат 07:35-те тіркеді.
“Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,3. Магнитудасы MPV – 4,9”, – делінген хабарламада.
Автор
61