Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қызметінен босатылды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Тиісті жарлыққа Президент қол қойды.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды", - делінген құжатта.
Бағдат Мусин 1983 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.
2004 жылы С. Демирел атындағы университетті…
Подробнее
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Мемлекет басшысына елімізде әділ сот төрелігін қамтамасыз ету мәселелері туралы баяндалды. Сондай-ақ сот жүйесін реформалауға қатысты бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы жайында айтылды.
Асламбек Мерғалиев сот ісіне жасанды интеллект пен роботизация элементтері бар IT-cервистердің енгізілуі жөнінде мәлімет берді. Бұл шара…
Подробнее
Тимур Құлыбаевқа тиесілі фирмаға 1 миллиард теңгеден аса айыппұл салынды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС қызметіне тергеу жүргізді. Нәтижесінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеу арқылы сұйытылған мұнай газы нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдаланудан тұратын бәсекелестікті қорғау туралы Заңнаманы бұзу…
Подробнее
Талдықорған полиция басқармасының бұрынғы басшысы Марат Күштібаев сотталды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Жетісу облысының Талдықорған қалалық сотында Марат Күштібаевқа қатысты адамның қызметтік міндеттерін орындау кезінде жәбірленушіге зорлық-зомбылық жасағаны үшін айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды.
"Тағылған айыптарға сәйкес, 2023 жылғы 12 қарашада Күштібаев Талдықорған қаласы полиция басқармасының бастығы қызметін атқарып жүргенде полиция басқармасының ғимаратында, атап…
Подробнее
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы 2024 жылдың 30 сәуірінде Ақорданың Telegram-арнасында айтылды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы, Король Салман бен Әбделазиз Әл Саудты Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.
"Тарихи тұрғыдан осындай қысқа мерзім…
Подробнее
Ішкі істер министрлігін басқарған Ерлан Тұрғымбаев ұсталды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Бұл ақпаратты Бас прокуратура растады.
«29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Е.З.Тұрғымбаев ұсталды. Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты сотқа…
Подробнее
Ата-аналар "Алматыда баланы қайда қыдыртуға болады" деген сұраққа жиі ойланады. Қаламызда көптеген ойын-сауық орталығы, ойын алаңы мен саябақтар және таным көкжиегін арттыратын орындар бар. barysmedia.com балаларға арналған осындай таңдаулы орындарды жинап шықты.
Ойын алаңдары
Aspan park - ауданы 3000 шаршы метрден асатын балалар ойын-сауық орталығы. Мұнда балалар мен ата-аналар Clip N Climb өрмелеу қабырғасын, балалар ойын…
Подробнее
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Комиссия жалпы көлемі 40 млрд теңгеден астам сомаға заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке ерікті түрде қайтару жөніндегі келісімдерді мақұлдады, оның 38 млрд теңгеден астамы – ақшалай қаражат, сондай-ақ Астанадағы құны 2 млрд теңге тұратын бизнес-орталық.…
Подробнее
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов еліміздің батысындағы су тасқыны жағдайы бойынша жедел кеңес өткізді, онда өңірді ауқымды тасқыннан қорғау мақсатында ұзақ уақыт бойы күшейтілген жұмыс жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Үкімет басшысы Атырау облысы басшылығының алдына қала мен елді мекендерді жылжып келе жатқан тасқын сулардан барынша қорғау міндетін қойды. Үкіметке Батыс Қазақстан облысындағы секілді жұмыс…
Подробнее
Қазгидромет 30 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялап, бірнеше өңірге ескерту жасады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, республикамыздың басым бөлігінің ауа райына атмосфералық фронтальды бөліктердің әсері болады, осыған байланысты солтүстік-батыс, солтүстік, орталық өңірлерде қатты жаңбыр жауады, ал оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде аралас жауын-шашын болады.
"Республикамыз бойынша желдің екпін…
Подробнее
Қазгидромет 30 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялап, бірнеше өңірге ескерту жасады, — деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, республикамыздың басым бөлігінің ауа райына атмосфералық фронтальды бөліктердің әсері болады, осыған байланысты солтүстік-батыс, солтүстік, орталық өңірлерде қатты жаңбыр жауады, ал оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде аралас жауын-шашын болады.
«Республикамыз бойынша желдің екпін алуы күтіледі, еліміздің батысында, орталығында, шығысында найзағай ойнайды, батыс, солтүстік-батыс өңірлерде бұршақ жауады, сондай-ақ еліміздің батысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында қатты жел тұрады, солтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде тұман болады деп болжанады. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде сынап бағаны -2°C көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі», — дейді синоптиктер.
Болжамға сәйкес, Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, батысында, оңтүстігінде, Қызылорда қаласының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Жетісудың батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.