Share This Article
Жапонияның оңтүстік-батысында магнитудасы 6,9 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды barysmedia.com.
Төтенше жағдайдан кейін өңірде цунами туралы ескерту жарияланған болатын, алайда қазіргі уақытта бұл ескерту алынып тасталды.
Жапонияның метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 21:19-дан кейін тіркелген. Осыған орай Кюсю аралындағы Миядзаки префектурасы мен елдің оңтүстігіндегі Коти префектурасында ескерту жарияланды.
Жер сілкінісінен кейін шамамен 30 минут ішінде жағалауға биіктігі шамамен бір метр болатын алғашқы цунами толқыны жеткен.
Билік цунами туралы ескертуді дүйсенбі күні кешке алып тастағанымен, жергілікті тұрғындарға жағалаудан және теңізден аулақ болуды ескертіп отыр. Себебі екінші және үшінші толқындардың биіктігі алғашқы толқыннан жоғары болуы мүмкін екені хабарланды.
Синоптиктердің айтуынша, дәл осы аймақта күшті жер сілкіністері қайталанса, жартастардың құлауы және тастардың домалауы салдарынан тұрғындарға қауіп төнуі ықтимал.