Share This Article
Трамп Тоқаевқа Қазақстан тауарларына баж салығын енгізу туралы хат жазды, деп хабарлайды barysmedia.com.
АҚШ президенті Дональд Трамп 7 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған хатында 2025 жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстаннан әкелінетін барлық тауарға 25% көлемінде кедендік баж салығын енгізетінін айтты. Ақ үй басшысы хат мәтінін Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.
«2025 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстаннан АҚШ-қа жеткізілетін кез келген және барлық тауарларға 25% көлемінде кедендік баж салығы салынады. Бұл мөлшерлеме барлық салалық баждардан бөлек енгізіледі. Бұл хатты сізге жолдау мен үшін үлкен құрмет. Себебі бұл біздің сауда қатынастарымыздың беріктігін және Америка Құрама Штаттарының сіздердің ұлы еліңізбен елеулі сауда тапшылығына қарамастан ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін көрсетеді», – делінген құжатта.