Share This Article
Президент Астанада өткен жастар форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды barysmedia.com.
Жиынға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы жастардың бастамаларына қолдау білдіріп, олардың қамқорлығы, жасампаздығы және ел өміріне белсене араласқаны үшін алғыс айтты.
Президент айтқан басты цитаталар:
– Қазақстанның жастары – жасампаз. Мен мұны үнемі айтып жүрмін.
— Еліміздің келешегі ойы ұшқыр, білімі терең, көзқарасы заманауи жастардың қолында. Мен Президент ретінде Сіздерге зор үмітпен қараймын.
– Біз жұрттан көш ілгері жүретін ел боламыз. Үйренетін де, үйрететін де ұлт боламыз. Жастар барлық өзгерістің бастауында тұрады.
— Дарынды азаматтардың арқасында бүкіл әлем жұртшылығы Қазақстанды талантты әрі еңбекқор адамдардың елі деп танитын болды. Мемлекет креативті индустрияның дамуына барынша ықпал етеді.
— Ең бастысы, адал еңбек етіп, адал табыс табу, яғни адал азамат болу. Биыл – «Жұмысшы мамандықтары жылы». Біз қоғамда еңбек адамының абырой-беделін көтеріп жатырмыз. Еңбек культін қалыптастыру – аса маңызды міндет. Кез келген жұмыс – қадірлі. Әсіресе, жұмысшы мамандықтарын игерген жастарымыз зор құрметке лайық.