Share This Article
Қасым-Жомарт Тоқаев Дариға Тілендиева дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды barysmedia.com.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі композитор, «Отырар сазы» ұлт аспаптары академиялық оркестрінің негізін қалаушы Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиева дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты», – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, сазгер Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиева 79 жасқа қараған шағында өмірден озды.