Қазақстанда жоғары оқу орындарына (ЖОО) қабылдау науқаны ресми түрде басталды, деп хабарлайды barysmedia.com.
Білім министрлігі 2025/2026 оқу жылына арналған қабылдау күнтізбесін жариялады.
Атқарылатын негізгі іс-шаралардың мерзімдері анықталды:
Негізгі ҰБТ 16 мамырда басталып, 7 шілдеге дейін жалғасады. Бұл кезеңде талапкерлер ЖОО-ларға түсу үшін қажетті балл жинау мүмкіндігіне ие болады.
Жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау 20 маусым…
Подробнее
Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Болгария Президенті Румен Радевті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды barysmedia.com.
Мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды
Шағын құрамдағы келіссөздер барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-болгар серіктестігін одан әрі нығайту тұрғысынан Румен Радевтің сапарына айрықша мән беретінін атап өтті.…
Подробнее
Қазақстандық оқушылар үшін көктемгі демалыс 21-31 наурыз аралығында өтеді, деп хабарлайды barysmedia.com.
Көктемгі демалыста мектеп оқушылары 11 күн демалады.
III тоқсан мектеп бағдарламасындағы ең ұзақ тоқсан болып саналады, ол 10 оқу аптасына созылады.
IV тоқсан 1 сәуірде басталып, 25 мамырға дейін жалғасады. Ол 8 оқу аптасына созылады.
Подробнее
Қасым-Жомарт Тоқаев Дариға Тілендиева дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды barysmedia.com.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі композитор, «Отырар сазы» ұлт аспаптары академиялық оркестрінің негізін қалаушы Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиева дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты», - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, сазгер Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиева…
Подробнее
Перизат Қайраттың “Biz Birgemiz Qazaqstan 2030” қоры таратылды, деп хабарлайды barysmedia.com.
Астаналық сот Перизат Қайраттың қорын тарату туралы талап-арызды қарады:
- Ұйым 2021 жылғы 11 қазанда тіркелген. Құрылтайшылары Перизат Қайратты қосқанда 10 адам болды.
- Сараптама оның 10 құрылтайшының 9-ының орнына қол қойғанын көрсетті.
- Жоғарыдағы заңбұзушылықтарды ескере отырып, сот шешімімен қор таратылды.
Подробнее
Мәжіліс депутаттары Үкіметке ҚҚС-тың (НДС) жаңа шегін белгілеу жөнінде қарсы ұсыныс жолдады, деп хабарлайды barysmedia.com.
20 ақпанда Салық кодексі жобасына түзетулер Парламентке ұсынылды. Ол ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою үшін шекті 20 мың АЕК-тен (78,6 миллион теңге) 3 800 АЕК-ке (15 миллион теңге) дейін төмендетуді көздейді.
Депутат Азат Перуашев бұл өзгеріспен келіспеді, оның пікірінше,…
Подробнее
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт брифингте АҚШ-тың Украинаға әскери көмекті тоқтатуы – қаржыландыруды қайта қарастыруға байланысты уақытша үзіліс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды barysmedia.com.
Ливитттің айтуынша, Ұлттық қауіпсіздік кеңесі бұл шешімді қабылдаған.
"Олар (Ұлттық қауіпсіздік кеңесі) маған Украинаға қаржыландыруды тоқтатып, оны қайта қарастырып жатқанын айтты. Көріп отырғандарыңыздай, бұл – қайта қарастыру үшін жасалған үзіліс", – деді Ливитт.
Алайда ол болашақта әскери көмек қайта…
Подробнее
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Жетісу» футбол клубының директоры сотталды, деп хабарлайды barysmedia.com.
Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубы КМҚК директоры К.Дөңсебаевқа қатысты үкім шығарды.
Тергеу мәліметі бойынша, ол оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде клуб футболшыларының тамақтануына бөлінген 31,9 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Залалдың толық өтелуіне және ауыр сырқаттың…
Подробнее
"Қазгидромет" Алматы мен Астанадағы 6-8 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды barysmedia.com.
Алматы
? 6 наурыз – Күн ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман түсіп, жолдар көктайғақ болуы мүмкін. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Түнде -2...-4°C, күндіз +8...+10°C.
? 7 наурыз – Күн құбылмалы, кей жерлерде жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел 5-10…
Подробнее
Астанада тау-кен өндірісі үшін маңызды оқиға орын алды: мыс өндіруші KAZ Minerals компаниясы ұнтақтау шарларын шығаруда әлемдік көшбасшы саналатын чилилік ME Elecmetal компаниясымен оффтейк-келісімшартқа қол қойды. Бұл келісім аясында Талдықорғанда заманауи зауыт салу жоспарланған, деп хабарлайды barysmedia.com.
Жаңа кәсіпорын 2028 жылы іске қосылып, жылына 150 мың тонна ұнтақтау шарларын өндіруге қауқарлы болады. Жобаның жалпы инвестициялық құны 85 миллион АҚШ долларын құрайды. Кәсіпорынның ашылуы 100-ге…
Подробнее
Астанада тау-кен өндірісі үшін маңызды оқиға орын алды: мыс өндіруші KAZ Minerals компаниясы ұнтақтау шарларын шығаруда әлемдік көшбасшы саналатын чилилік ME Elecmetal компаниясымен оффтейк-келісімшартқа қол қойды. Бұл келісім аясында Талдықорғанда заманауи зауыт салу жоспарланған, деп хабарлайды barysmedia.com.
Жаңа кәсіпорын 2028 жылы іске қосылып, жылына 150 мың тонна ұнтақтау шарларын өндіруге қауқарлы болады. Жобаның жалпы инвестициялық құны 85 миллион АҚШ долларын құрайды. Кәсіпорынның ашылуы 100-ге жуық жаңа жұмыс орнын құруға, өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруға және мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді.
KAZ Minerals жыл сайын шамамен 70 мың тонна ұнтақтау шарын тұтынып, оған 100 миллион АҚШ долларынжұмсайды. Бұған дейін Қазақстанда дәл осындай сападағы өнім шығарылмағандықтан, компания ME Elecmetalөнімдерін пайдаланып келген. Жаңа зауыт ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз етіп қана қоймай, бәсекеге қабілетті өнім өндіруге жол ашады.
«KAZ Minerals өндіріс тиімділігін арттыру үшін ең озық технологияларды енгізуге ұмтылады. Ұнтақтау шарлары біздің тау-кен байыту кешендерінің жұмысында шешуші рөл атқарады. 2023 жылы әртүрлі өнімдерді сынақтан өткіздік, нәтижесінде ME Elecmetal өнімдері үздік көрсеткіштерге ие болды. Талдықорғандағы зауыттың іске қосылуы біздің компанияны сапалы шикізатпен қамтамасыз етіп қана қоймай, елдің өнеркәсіптік дамуына да өз үлесін қосады», – деп атап өтті «KAZ Minerals Management» ЖШС Басқарма төрағасы Эльдар Мамедов.
Талдықорғанда зауыт салу – KAZ Minerals компаниясының тиімділік пен бәсекеге қабілеттілікті арттыру стратегиясының маңызды бөлігі. Бұл жоба Қазақстанның өндірістік қуатын арттырып, оны әлемдік тау-кен индустриясында маңызды ойыншы ретінде нығайтуға мүмкіндік береді.