Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) мәліметіне сілтеме жасап.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі абоненттердің бағаны көтеру туралы өтініштерін қарау аясында биыл тарифтік жоспарлардың шарттары мен ұялы байланыс қызметтеріне бағаның өзгеру динамикасы талданғанын хабарлады.
"2023 жылы ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспарлары бойынша бағаның 7,7 пайыздан…
ҚР Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасын бекітті, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Жаңа баға шегі 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Аймақтар бойынша бекітілген максимал бағалар мынадай:
Астана - 76 теңге;
Алматы - 81 теңге;
Шымкент - 64 теңге;
Алматы облысы, СҚО - 81 теңге;
Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары - 54…
eGov Mobile мобильді қосымшасына жаңа цифрлық құжат қосылды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі Nitec мәліметіне сілтеме жасап.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен "Ақпараттық ұлттық технологиялар" АҚ бірлесіп, eGov mobile мобильді қосымшасында – "Бірыңғай ұлттық тестілеу сертификаты" жаңа цифрлық құжатты іске қосты. Енді осы сандық құжатты eGov mobile қосымшасы орнатылған смартфонмен…
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстанда ең төменгі жалақы жаңа әдіспен анықталатынын айтты, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Министр 2024 жылы ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесі әзірленетінін айтты.
"Бұл әдістеменің негізгі алғышарттары – орташа жалақы мен еңбек өнімділігі қолданылады. Бүгінге дейін болмаған нәрсе. Тиісінше, ЕТЖ Қазақстанда қандай өнімділік, орташа жалақы қандай болатынына…
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылға зейнетақы мен жәрдемақылардың жаңа мөлшерін жариялады. 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдері артады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, заңда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрін ҚР Ұлттық банкі айқындайтын…
Қазақстандықтар Ұлттық қордың 18 жылдағы орташа инвестициялық кірісінен алғашқы есептеулерді алу үшін egov.kz веб-порталында балаларының дерегін дербес және тегін тексеріп, енгізе алады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бүгін, 25 желтоқсанда елімізде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы іске қосылатынын, оның аясында Қазақстандағы барлық кәмелетке толмағанға жыл сайын…
Үкімет 2023 жылдың қорытындысы бойынша аграрлық секторды дамытудың жетістіктері мен нәтижелері туралы айтты, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Премьер-министрдің баспасөз қызметі ауыл шаруашылығы саласының дамуының 2023 жылғы нәтижелеріне арналған шолуды ұсынады.
Саланы одан әрі дамыту аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өндіріс көлемін ұлғайту және отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің қосылған құнын арттыру бойынша стратегиялық міндеттер қойды.
Ауыл…
Америкалық әйгілі актер Леонардо Ди Каприо киіктердің популяциясын көбейткені үшін Қазақстанға алғыс білдірді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Оның айтуынша, ақбөкендер жойылып кетуі мүмкін жануарлардың тізіміне енген, алайда бұл түр бойынша жетістік бар.
"Бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Бұл Қазақстандағы ақбөкен популяциясының керемет сақталғанын білдіреді. Бір кездері 2005 жылы 48 000-ға ғана болған қазіргі таңда (киіктер) табиғатта 1,9 миллионға…
Прага қаласының орталығындағы Карлов университетінде атыс болды. Салдарынан 14 адам оққа ұшып, 25 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Бұл деректерді Чехия полициясы жариялады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.
Шабуылдаушы оны ұстау операциясы кезінде қайтыс болды. Оны құқық қорғау органдарының қызметкерлері атып өлтірді ме, әлде өз-өзіне қол жұмсады ма, бұл жағы белгісіз. Желіде атыс куәгері оқиғаны түсірген…
Қазақстан мен Сауд Арабиясы Алматы – Эр-Рияд бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашу туралы уағдаласты, - деп хабарлайды barysmedia.com Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тиісті шешімге Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Қазақстан-Саудия Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының 6-отырысына қатысу үшін Сауд Арабиясына сапары шеңберінде қол…
Қазақстан мен Сауд Арабиясы Алматы – Эр-Рияд бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашу туралы уағдаласты, – деп хабарлайды barysmedia.com Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тиісті шешімге Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Қазақстан-Саудия Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының 6-отырысына қатысу үшін Сауд Арабиясына сапары шеңберінде қол жеткізілді.
Елдер арасындағы рейстерді Сауд Арабиясының FlyNas әуекомпаниясы 2024 жылдың көктем-жаз маусымынан бастап аптасына 7 рейс жиілігімен орындайды.

