Share This Article
Прага қаласының орталығындағы Карлов университетінде атыс болды. Салдарынан 14 адам оққа ұшып, 25 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Бұл деректерді Чехия полициясы жариялады, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.
Шабуылдаушы оны ұстау операциясы кезінде қайтыс болды. Оны құқық қорғау органдарының қызметкерлері атып өлтірді ме, әлде өз-өзіне қол жұмсады ма, бұл жағы белгісіз. Желіде атыс куәгері оқиғаны түсірген видео пайда болды.
Чех бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, атысты өнер факультетінің студенті Дэвид Козак ұйымдастырған. Ол 24 жаста еді. Шабуылдаушы алдымен ғимаратқа, содан кейін басқа студенттер жасырынуға тырысқан шатырға оқ жаудырған.