Президент Қасым-Жомарт-Тоқаевтың өкімімен Ақордада бірқатар ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды barysmedia.com.
"Мемлекет басшысының өкімімен Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды. Оның орнына Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің…
Read more
"Қазгидромет" РМҚ ауа райына байланысты кей облыстарда көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдедә, деп хабарлайды barysmedia.com.
07.00-ден бастап Ақмола облысында "Астана-Петропавл" автожолының 18-232 шақырым аралығындағы учаскесінде (Астана қ.-Щучинск қ.) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Ал сағат 08.00-ден бастап "Астана-Ерейментау-Шідерті" 16-200 шақырым, Астана қаласы-Павлодар облысы шекарасына дейінгі жол жабылды.
Сондай-ақ дәл осы уақытта Павлодар облысында "Астана-Ерейментау-Шідерті"…
Read more
Сенаторлар "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл заң Түркістан қаласының тарихи және мәдени мұрасын сақтау мен дамытуға бағытталған, деп хабарлайды barysmedia.com.
Заңға сәйкес, Түркістан қаласындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді, соның ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қорғау аймақтарында орналасқан нысандарды басқару, сақтау және олардың тұтастығын қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құру көзделген.
Сонымен…
Read more
Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкиан мен Иран халқын Ислам Революциясы күнімен құттықтады, деп хабарлайды barysmedia.com.
Жеделхатта Қазақстан Президенті Иранның Таяу Шығыс өңірі мен ислам әлеміндегі іргесі берік, беделді мемлекет екенін атап өтті.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жылдан жылға нығайып келе жатқанына ризашылық білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианның жауапты қызметіне табыс, ал Иран…
Read more
Соңғы бес жылда Қазақстанда тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықтар саны 2,5 есе өскен, деп хабарлайды barysmedia.com.
2024 жылы мұндай құқықбұзушылықтар саны 15,1 миллионнан асса, 2019 жылы тек 6,1 миллион болған.
Әрбір осындай оқиға үшін құқықбұзушыларға әртүрлі әкімшілік жазалар қолданылды: 2024 жылға 14,7 млн болды. Оның ішінде айыппұлдар – 84%, ескерту – 12%, әкімшілік қамауға алу –…
Read more
Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға бас бостандығынан айырғанына наразы екенін білдіріп, аштық жариялады, деп хабарлайды barysmedia.com.
Бұл туралы оның Facebook парақшасында жарияланған жазбада айтылған.
«Мен аштық жариялаймын. Өйткені өзімді әу бастан-ақ кінәсіз деп санадым!» – делінген экс-министрдің атынан жазылған мәлімдемеде.
Мұхамедиұлы «Дипломат» қонақүйін рейдерлік жолмен тартып алу және «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» көрмесін ұйымдастыру кезінде…
Read more
ҚР Қаржы министрлігі "Google салығы" енгізілгелі бері шетелдік интернет компаниялар Қазақстанға қанша салық төлегенін айтты, деп хабарлайды barysmedia.com.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта елімізде осы талап бойынша 101 шетелдік компания тіркелген.
Олардың қатарында жаһандық деңгейдегі: Huawei, Aliexpress, Google, Apple және Netflix секілді алпауыттар бар.
Үш жыл ішінде бұлардың бұғалтериясынан мемлекет қазынасына 75 млрд теңге салық түскен,…
Read more
Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда баспана бағасы бір жылда 4 пайызға көтерілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды barysmedia.com.
Өсім, әсіресе, Павлодар, Ақтөбе, Көкшетау қалаларында байқалады.
Екінші нарықтағы тұрғын үй мен жалға берілетін пәтер бағасы тұрақсыз күйде болса да, өткен жылы баспаналы болғандар аз болмаған. Бір жылдың ішінде тұрғын үйді сату және сатып алу бойынша шамамен 400 мың келісім…
Read more
Жетісу облысының екі тұрғыны Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізгені үшін сот үкімімен жазаланды, деп хабарлайды barysmedia.com.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Денсаулық сақтау министрлігінің "Тіркелген халық тізілімі" және Damumed ақпараттық жүйелеріне рұқсатсыз қол жеткізу фактісі бойынша тергеуді аяқтады.
Тергеу барысында күдіктілер медициналық қызметкерлердің тіркелгі деректерін заңсыз иемденіп, жүйеге қол жеткізгені анықталды.
30 қаңтарда Талдықорған қалалық соты Қылмыстық кодекстің 205-бабының…
Read more
Синоптиктер 10 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды barysmedia.com.
Алматы
Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Жел шығыстан 2-7 м/с соғады. Ауа температурасы түнде -6…-8°C, күндіз 0…+2°C.
Шымкент
Ауыспалы бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні — 8-13 м/с.…
Read more
Синоптиктер 10 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды barysmedia.com.
Алматы
Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Жел шығыстан 2-7 м/с соғады. Ауа температурасы түнде -6…-8°C, күндіз 0…+2°C.
Шымкент
Ауыспалы бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні — 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде -2…0°C, күндіз +4…+6°C.
Ақмола облысы
Солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында аздаған қар жауады, күндіз көктайғақ болады. Солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, таңертең және күндіз солтүстікте, шығыста екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -10…-15°C, батысында және оңтүстігінде -20°C, күндіз -3…-8°C, оңтүстік-батысында -11°C.
Жетісу облысы
Жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең шығысында, орталығында және таулы аудандарында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -13…-18°C, оңтүстігінде -9°C, орталығында және таулы аудандарында қатты аяз -22…-27°C, күндіз -3…-8°C, оңтүстігінде +2°C, шығысында және таулы аудандарында -13°C.
Түркістан облысы
Түнде таулы аудандарда, күндіз батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с, батысында, солтүстігінде және таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде -4…+1°C, солтүстігінде -9°C, күндіз +4…+9°C, солтүстігінде -1°C.
Батыс Қазақстан облысы
Жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең батысында және солтүстігінде тұман. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні — 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -10…-15°C, күндіз -3…+2°C.
Атырау облысы
Жауын-шашынсыз. Батысында және солтүстігінде тұман. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -8…-13°C, күндіз 0…-5°C.
Маңғыстау облысы
Солтүстігінде және орталығында аздаған қар, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, екпіні — 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -4…-9°C, солтүстік-шығысында -12°C, күндіз 0…-5°C.
Ақтөбе облысы
Жауын-шашынсыз. Мұғалжар ауданында боран. Солтүстігінде және шығысында тұман. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні — 9-14 м/с, Мұғалжар ауданында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -7…-12°C, шығысында -15°C, күндіз -2…-7°C.
Қостанай облысы
Жауын-шашынсыз. Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -10…-15°C, шығысында және оңтүстігінде -18°C, күндіз -1…-6°C, оңтүстігінде -9°C.
Солтүстік Қазақстан облысы
Түнде шығысында аздаған қар, боран күтіледі. Батысында және оңтүстігінде тұман. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с. Ауа температурасы түнде -7…-12°C, оңтүстік-батысында -15°C, күндіз -1…-6°C, оңтүстік-батысында -9°C.
Павлодар облысы
Солтүстігінде және шығысында аздаған қар, боран, күндіз көктайғақ күтіледі. Батысында және оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз батысында, солтүстігінде және шығысында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -10…-15°C, солтүстігінде -7°C, күндіз -4…-9°C.
Алматы облысы
Тау бөктерлерінде аздаған қар жауады. Оңтүстігінде және тау бөктерлерінде тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады. Жел шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -6…-11°C, солтүстігінде және таулы аймақтарда -14…-19°C, күндіз -3…+2°C, солтүстігінде және таулы аймақтарда -6…-11°C.
Астана
Ауыспалы бұлтты, кей уақытта аздаған қар жауып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы түнде 1-6 м/с, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -18…-20°C, күндіз -6…-8°C.