Қазақстанда теледидар мен радио уақытша өшіріледі, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
"Қазтелерадио" АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
"Осыған байланысты, 2024 жылғы 15 мамыр сағат 03:00 мен 17:00 аралығында телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық…
Read more
Мемлекет басшысы "Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Жарлық Президенттің биыл 7 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау шеңберінде әзірленді. Бұл құжат бәсекелестікті дамыту, экономикаға мемлекеттің араласуын қысқарту, бизнес шығындарын азайту арқылы кәсіпкерлік еркіндікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Біріншіден, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жанынан жекешелендіруге…
Read more
Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жылу желілері әбден тозған 12 қаланы атады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
"Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес жылу желілерінің жалпы ұзындығы - шамамен 13 мың шақырым. Олардың орташа тозу деңгейі - 53 пайыз, шамамен 7 мың шақырым жылу желісін ауыстыру қажет. Жылу желілерінің жоғары тозу деңгейі Павлодар…
Read more
Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі әлі де көтеріліп жатыр, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Жайық өзеніндегі су деңгейі 9 мамырда сағат 20.00-де былай өзгерді:
Индербор +13 см, су деңгейі - 1005 см, шекті деңгейі - 845 см;
Махамбет +4 см, су деңгейі - 915 см, шекті деңгейі - 850 см;
Атырау қ. +3…
Read more
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев ант берді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
"Қазақстан халқы мен президенті алдында өз Отаным – Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға,…
Read more
Алатау қаласының әкімі болып Аркен Өтенов тағайындалды, деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Бұған дейін ол Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Аркен Өтенов 1983 жылы 15 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Карнеги Меллон университетінде (Болашақ бағдарламасының түлегі, 2010 жыл) білім алған. Ол - халықаралық қатынастар маманы, экономист…
Read more
Астанадағы LRT құрылыс алаңында кран құлады. Төтенше жағдай Керей Жәнібек хандар мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында болған, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті зардап шеккендер жоқ екенін айтты.
"9 мамыр күні сағат 11:36-да Астана қаласы, Есіл ауданы, Керей Жәнібек хандар және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан LRT құрылыс объектісінде ZOOMLION автомобиль кранының құлауы…
Read more
Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша жедел қорытынды шықты, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Облыстық ТЖ жөніндегі жедел штаб мәліметінше өзен суы шекті деңгейге жақындаған.
⁃ Индербор + 33 см, су деңгейі - 992 см, шекті деңгейі - 845 см; ⁃ Махамбет + 15 см, су деңгейі - 908 см, шекті деңгейі - 850…
Read more
Мемлекет басшысы Жеңістің 79 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Сондай-ақ Белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.
Парадты Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ресей Президенті Владимир Путинмен қатар Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Куба…
Read more
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
"Құрметті отандастар!
Баршаңызды Жеңіс күнімен құттықтаймын!
Біз 9 мамырда бейбіт өмір мен тыныштықты қорғау жолында құрбан болып, майдан даласынан қайтпай қалған батырларымыздың рухына тағзым етеміз. Соғыс және тыл ардагерлеріне шексіз ризашылық білдіріп, айрықша құрмет көрсетеміз.
Қазақстан адамзаттың ортақ жеңісіне, жер бетінде әділдік…
Read more
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
“Құрметті отандастар!
Баршаңызды Жеңіс күнімен құттықтаймын!
Біз 9 мамырда бейбіт өмір мен тыныштықты қорғау жолында құрбан болып, майдан даласынан қайтпай қалған батырларымыздың рухына тағзым етеміз. Соғыс және тыл ардагерлеріне шексіз ризашылық білдіріп, айрықша құрмет көрсетеміз.
Қазақстан адамзаттың ортақ жеңісіне, жер бетінде әділдік пен бостандықтың салтанат құруына өлшеусіз үлес қосты. Аға буынның екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ерлігі мен еңбегі өскелең ұрпақ үшін қайсарлықтың, жанқиярлықтың және отаншылдықтың озық үлгісі болып қалатыны сөзсіз.
Бүгінде біз ұлтымыздың қаһарман ұл-қыздарының арқасында алаңсыз еңбек етіп, ұрпақ өсіріп, жарқын болашаққа қадам басып келеміз. Сол үшін оларға мәңгі қарыздармыз. Ешкім де ешқашан ұмытылмайды!
Ардагерлерімізге әрдайым бас иеміз!
Бейбітшіліктің қадірін түсініп, оны сақтай білейік!
Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!
Жеңіс күні құтты болсын!”, – делінген Президент құттықтауында.