Share This Article
Шығыа Қазақстан облысы Самар ауданы әкімдігінің ТКШ, қаржы және жұмыспен қамту бөлімдерінің басшылары “Прокуратура туралы” конституциялық заңды бұзғаны үшін жазаланды, деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, аудандық прокуратура жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерді уақтылы әзірлеуіне талдау жүргізу барысында азаматтардың заңды құқығы, бостандығы мен мүддесін іске асыру қажет бірқатар НҚА жоқ екенін анықтаған. Осы дерек бойынша прокуратура қадағалау актісін енгізді.
Бірақ 3 бөлімнің жауапты басшысы ұсынымда көрсетілген заң бұзушылықтарды жою үшін шаралар қабылдамады. Осының негізінде Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 664-бабы бойынша 3 басшыға 8 АЕК мөлшерінде (29 536 теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.