Share This Article
Сенат Бюджет кодексінің жаңа редакциясын екі оқылымда да қарап, оны Мәжіліске қайтару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды barysmedia.com.
Сенаттың Қаржы және бюджет комитеті бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін мәлімдеді. Атап айтқанда, жергілікті бюджет комиссиясының төрағасы мен хатшысын тағайындау нормаларын нақтылау, жол құрылысына арналған шығындарды бюджет деңгейлері арасында қайта бөлу, салықтық жеңілдіктер, Ұлттық қорды басқару, бюджеттік міндеттемелерді қаржыландыру және мемлекеттік төлемдерді бақылауға қатысты түзетулер енгізу ұсынылды.
Сонымен қатар, сенаторлар экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру тәртібін өзгерту, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт тарту механизмін қайта қарау және мақсатсыз трансферттерді міндетті түрде қайтару нормасын енгізуді ұсынды.
“Осы айтылғандарды ескере отырып, Қаржы және бюджет комитеті Конституцияның 61-бабы 4-тармағына сәйкес кодекстің жекелеген баптарын мақұлдамауды және оны Мәжіліске осы баптардың жаңа редакциясын ұсыну арқылы қайтаруды ұсынады”, – деді Сенат депутаты Бекбол Орынбасаров.