Share This Article
Мәжіліс депутаттары Үкіметке ҚҚС-тың (НДС) жаңа шегін белгілеу жөнінде қарсы ұсыныс жолдады, деп хабарлайды barysmedia.com.
20 ақпанда Салық кодексі жобасына түзетулер Парламентке ұсынылды. Ол ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою үшін шекті 20 мың АЕК-тен (78,6 миллион теңге) 3 800 АЕК-ке (15 миллион теңге) дейін төмендетуді көздейді.
Депутат Азат Перуашев бұл өзгеріспен келіспеді, оның пікірінше, қазақстандықтар бұдан былай шағын бизнеспен айналысқысы келмей қалады.
Сонымен депутаттардың қарсы ұсынысы – Қазақстанда ҚҚС бойынша шекті төмендетуден бас тарту. Үкімет бұл құжатқа әлі пікір білдірген жоқ.