Share This Article
Отандық киножоба Азиядағы ең ірі кинонарықтың питчингіне қатысады, деп хабарлайды barysmedia.com.
«Барыс фильм» қазақстандық компаниясының сценарийімен түсірілген «Бесік. Оралу» туындысы 2025 жылдың 17-19 наурызы аралығындаГонконг көрме орталығында өтетін HKIFF-2025 ірі азиялық фильм нарығының питчингіне қатысу үшін таңдалды. Фильм сценарийініңавторы – тәжік режиссері әрі сценарист Искандар Усмонов.
«Биылғы қысқа тізімге әртүрлі жанрлардағы жобалар, соның ішінде экшн және ғылыми фантастика, сондай-ақ әйел режиссерлердің тоғыз жұмысыжәне халықаралық ынтымақтастық бағыттағы туындылар кірді», – деді HKIFF директоры Джейкоб Вонг.
Питчинг аясында киножобаларды жасаушылар сценарий жобаларын, болашақ фильмдердің тизерлері мен постерлерін ұсынады, сондай-ақсценаристер мен режиссерлердің Азия мен Еуропадағы әлеуеттіинвесторлармен – киноқорлармен және продюсерлермен кездесулері өтеді. HKIFF платформасында 13 жоба 200 000 доллардан 5 миллион долларғадейінгі бюджеттермен ішінара қаржыландыру алды.
Джейкоб Вонг сонымен қатар 45 ел мен аймақтан келген 276 өтінімнің ішінде«Бесік. Оралу» өзінің мәдени алуан түрлілігімен және қайталанбасәңгімелерімен ерекшеленеді.
«Бесик. «Оралу» фильмі Ресейде жұмыс істеп жүріп, отанына ораламындеген үмітпен табыт жасауға мәжбүр болған тәжік бесікшінің қиын тағдырытуралы баяндайды. Түсірілім Орталық Азия киносының танымалжұлдыздарының қатысуымен төрт елде өтеді.
Жобаны жүзеге асыруға Қазақстан, Түркия, Франция продюсерлері, сондай-ақ тәжік музыканты және композиторы Олег Фезов қатысуда.
Бұл халықаралық жоба туралы толығырақ ақпаратты www.besikfilm.com сайтынан алуға болады