Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

The power of media

Category image

Новости

Жер қойнауын пайдалану мәселелері туралы заң қабылданды

2023 жылғы 27 желтоқсанда Мәжіліс депутаттары Сенаттың түзетулерімен жер қойнауын пайдалану және экология туралы заңды қабылдады. Құжат президентке қол қоюға жіберілді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі. Экология және табиғи ресурстарды…

2024 жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі?

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстанда ең төмен жалақы мөлшері 70 мың теңгеден 85 мың теңгеге дейін ұлғайтылады, деп хабарлайды Zakon.kz. Қазақстан Республикасы Еңбек…

Тоқаевтың Ресей Федерациясына екі күндік сапары аяқталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына екі күндік жұмыс сапары аяқталды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 25 желтоқсанда Қазақстан Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шектеулі құрамдағы отырысына қатысты. ЕАЭО…

Kcell, Tele2, Altel және Beeline компанияларына қатысты тергеу басталды

Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) мәліметіне сілтеме жасап. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі абоненттердің бағаны көтеру туралы өтініштерін қарау…

В Алматы ОПГ занималась обналичиванием денег и фиктивной выпиской счетов-фактур

«Установлено, что члены ОПГ на систематической основе незаконно обналичивали денежные средства со счетов БВУ, а также оказывали коммерческим организациям услуги по уклонению от уплаты налогов путем выписки фиктивных счетов-фактур на…

Қазақстанда автогаздың шекті бағасы бекітілді

ҚР Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасын бекітті, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі. Жаңа баға шегі 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Аймақтар бойынша бекітілген максимал бағалар…

Қазақстанда тағы бір құжаттың цифрлық нұсқасы енгізілді

eGov Mobile мобильді қосымшасына жаңа цифрлық құжат қосылды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі Nitec мәліметіне сілтеме жасап. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен "Ақпараттық ұлттық технологиялар"…

Қазақстанда ең төменгі жалақы жаңа әдіспен есептеледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстанда ең төменгі жалақы жаңа әдіспен анықталатынын айтты, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі. Министр 2024 жылы ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесі әзірленетінін…

2024 жылы Қазақстанда зейнетақы қаншаға өседі?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылға зейнетақы мен жәрдемақылардың жаңа мөлшерін жариялады. 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдері артады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі. ҚР…

Ұлттық қордан балаларға төлем: халыққа делдалдардың ұсынысына алданып қалмау ескертілді

Қазақстандықтар Ұлттық қордың 18 жылдағы орташа инвестициялық кірісінен алғашқы есептеулерді алу үшін egov.kz веб-порталында балаларының дерегін дербес және тегін тексеріп, енгізе алады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі. Шығыс Қазақстан облысының…

Қазақстандықтар Ұлттық қордың 18 жылдағы орташа инвестициялық кірісінен алғашқы есептеулерді алу үшін egov.kz веб-порталында балаларының дерегін дербес және тегін тексеріп, енгізе алады, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бүгін, 25 желтоқсанда елімізде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы іске қосылатынын, оның аясында Қазақстандағы барлық кәмелетке толмағанға жыл сайын ҚР Ұлттық қорының 18 жылдағы орташа инвестициялық кірісінің 50%-ына тең сома бірдей мөлшерде есептелетінін еске салды.

“Балалардың заңды өкілдері 2024 жылдың ақпанында egov.kz электронды үкімет порталындағы жеке кабинетінде алғашқы жинақтар туралы ақпаратты көре алады. Бірақ қазірдің өзінде “іскер адамдар” әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде халыққа ақылы ұсыныс жасап жатыр. Олар кәмелетке толмаған балалар туралы мәліметтерді мемлекеттік деректер қорына енгізіп, сол қызметіне ақша алады”, – делінген хабарламада.

“Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ таратылатын делдалдық қызметтер туралы мұндай жарнамаларды елемеуді қатаң ұсынады.

“Сіз балаларыңыздың дерегін өзіңіз тексеріп, енгізе аласыз. Ол үшін ешқандай құжат жинаудың, есепшот ашудың, кез келген бөлімшелерге, оның ішінде Бірыңғай зейнетақы қорына барудың қажеті жоқ. Қазір істеу керек бір ғана маңызды нәрсе: баланың аты-жөні, ЖСН-і, туған күні туралы деректердің бар-жоғын және оның дұрыс екенін тексеру және egov.kz веб-порталындағы жеке кабинетте балалар туралы ақпараттың бар-жоғын тексеру”, – деп еске салды.

Егер жеке кабинетіңізде балалар туралы ақпарат болмаса, мұны әркім өзі енгізе алады. Тек бірнеше батырманы басса, болғаны.

“БЖЗҚ бағдарламаға қатысушылардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне делдалдардың қызметін пайдалана отырып, бейтаныс адамдарға өзіңіздің жеке деректеріңіз бен балаларыңыздың деректерін сеніп тапсырмауды еске салады. Олар мұндай жолмен алынған деректерді жеке мүдде үшін пайдалануы мүмкін”, – делінген хабарламада.

Қазақстан азаматтары БЖЗҚ филиалдарында да, қашықтан да барлық сұрағына жауап ала алады және ақпаратты мына жерлерден тексере алады:

  • enpf.kz сайты арқылы,
  • БЖЗҚ/ЕНПФ мобильді қолданбасы,
  • 1418 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы көп арналы тегін байланыс арқылы,
  • WhatsApp арқылы +7 (777) 000-14-18,
  • БЖЗҚ-ның әлеуметтік желілердегі – Одноклассники, Telegram, Facebook, ВКонтакте, X (Twitter) және Instagram-дағы ресми парақшаларында.