Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

The power of media

Category image

Новости

Алматы гуманитарлы — экономикалық университетінде жұмыс берушілермен кездесу вебинары өтті

Алматы гуманитарлы — экономикалық университетінде жұмыс берушілермен кездесу вебинары өтті, — деп хабарлайды barysmedia.kz тілшісі. Түлектерді жұмысқа орналастыру – кез-келген университет үшін кезек күттірмейтін міндеттердің бірі. Осыған байланысты Алматы гуманитарлы — экономикалық…

Қазақстан мен Өзбекстан арасында шешілмеген мәселе жоқ — Мирзиёев

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық ынтымақтастық жүйелі түрде іске асырылып жатыр. Бұл жөнінде Шавкат Мирзиёев Қазақстанның пермьер-министрі Әлихан Смайловпен кездесуінде айтты, — деп хабарлайды barysmedia.kz тілшісі. ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР премьер-министрі…

«Жайлы мектеп» бойынша салынатын мектептердің жиһазы қай жақтан сатып алынатыны белгілі болды

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасына отандық жиһаз бен әрлеу материалдары сатып алынады, — деп хабарлайды barysmedia.kz үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, үкімет «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына отандық жиһаз және әрлеу материалдарын…

Бүгін бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі 

Бүгін, яғни 9 қарашада еліміздің 12 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, — деп хабарлайды barysmedia.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман…

Путин ресми сапармен Қазақстанға келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей президенті Владимир Путинді елорда әуежайынан қарсы алды, — деп хабарлайды barysmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап. Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға ресми сапармен келді. Бұрын…

Тоқаев Ақордада Мажарстан премьер-министрін қарсы алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесті, — деп хабарлайды barysmedia.kz тілшісі. Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан Астанаға ресми сапармен келді. Оны Астана әуежайында ҚР премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин күтіп алды.…

Алматыда 206 мектептің асханасына бейнебақылау орнатылды

Алматыдағы 206 мектептің асханасына оқушылардың тамақтану сапасын бақылау үшін бейнебақылау орнатылды, — деп хабарлайды barysmedia.kz тілшісі. Қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева асхананы жалға алушыларға бейнебақылау камерасын орнатуды міндеттеу үшін білім беру ұйымдарының…

Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің суретімі мен толық тізімі жарияланды

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының баспасөз қызметі 28 қазанда Костенко шахтасында болған жарылыс кезінде қаза тапқандардың тізімін ұсынды, — деп хабарлайды barysmedia.kz тілшісі. Тізімде 46 кенші бар: Әбілов Айбек Нұрғалиұлы Бобряшов Сергей Владимирович Семсерхан…

Жаңа инвестор «АрселорМитталға» 3 млрд доллар құюы керек – премьер-министр

Әлихан Смайылов жаңа инвесторға қойылатын талаптар туралы айтты, — деп хабарлайды barysmedia.kz тілшісі. Оның айтуынша, жаңа инвестор «АрселорМиттал Теміртауға» 3 млрд доллар ақша құюы керек.  «Мемлекет «АрселорМиттал Теміртауға» бюджет қаржысын жұмсамайды. Мұндай…

Франция президенті Макрон Қазақстанға ресми сапармен келді

Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келді, — деп хабарлайды barysmedia.kz тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша келіссөздер жүргізіп, халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі…

Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келді, — деп хабарлайды barysmedia.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша келіссөздер жүргізіп, халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.

Франция президенті 2023 жылғы 1 қараша күнгі Қазақстанға ресми сапарынан кейін Instagram желісінде Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынас жөнінде пікірін білдірді.

«Ұлы державалар қайта гегемон атануға ұмтылып жатқан, ал басқа елдер болжап болмайтын күйге түскен әлемде жаңа перспективалар құруға болатын серіктесің мен достарыңа арқа сүйей алатыныңды білген жақсы», – дейді Эммануэль Макрон.

Макрон «Қазақстан мен Франция осындай елдер қатарында» екенін атап өтті.

Эммануэль Макрон қазақ жастары туралы да ойын бөлісті.

«Бүгінгі таңда Қазақстан мен Франция арасында көптеген келісім бар. Күрделі мәселелер бойынша ынтымақтастық бар. Және біздің жастар бар! Астанада кездескен жастар достығымыздың көрінісі,  мәдениеттеріміз бен тілдерімізді байланыстыратын буын», – деп жазады Франция президенті.