Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

The power of media

Category image

Новости

Балқашта су деңгейі тағы 8 сантиметрге көтерілді

Балқашта су деңгейі тағы 8 сантиметрге көтерілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап. Трансшекаралық Іле өзенінен көлге су жіберу іс-шаралары жалғасып жатыр. "Бұған дейін су деңгейі…

Иран президенті мен сыртқы істер министрі тікұшақ апатынан қаза тапты

Иран президенті Ибрагим Раиси мен Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан тікұшақ апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі. Mehr агенттігі апат болған орынның суретін де жариялаған. Иранның президентімен…

Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезді 

Алматы тұрғындары әлеуметтік желіде шағын жер сілкінісін сезінгендерін жазуда, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі. Қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 10:10-да болғанын растады. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке…

Ішкі істер министрлігі түлектерге маңызды ескерту жасады

ҚР Ішкі істер министрлігі түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі. 25 мамырда еліміздің барлық мектептерінде оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаттары өткізіледі. "Салтанатты іс-шаралар барысында полиция…

Тоқаев өзіне жаңа кеңесші тағайындады

20 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне жаңа кеңесші тағайындады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі. Ақорда мәліметінше, мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды. Ерұлан…

Еліміздің мемлекеттік қарызы 27,2 трлн теңгеге жетті

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Бүгінде Қазақстанның мемлекеттік қарызы 27,2 триллион теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі. Мәжілісте «2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы» Үкіметтің есебі тыңдалып жатыр. Бүгінде бюджет…

Тоқаев көші-қоны туралы заңға өзгерістер енгізді

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды…

Маңғыстау облысына жаңа әкім тағайындалды

Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысына әкім болып тағайындалды, деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай Маңғыстау облысының әкімі лауазымына тағайындалды», – деп жазылған хабарламада. Нұрдәулет Қилыбай 1978 жылы…

Ночь музеев проходит в двух крупнейших городах Казахстана

Восемнадцатый год подряд в Алматы и Астане проводится "Ночь музеев". Мы собрали для жителей и гостей этих двух городов все акции. Желаем нашим читателям незабываемых ночей в залах казахстанских музеев.…

Алматыда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Бүгін Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінде жыл сайынғы дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бос орындар, яғни «Сәтті қадам» жәрмеңкесі өтті, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі. Жәрмеңкені ұйымдастырудағы негізгі мақсат - жұмыс берушілер мен бітіруші…

Бүгін Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінде жыл сайынғы дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бос орындар, яғни «Сәтті қадам» жәрмеңкесі өтті, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.

Жәрмеңкені ұйымдастырудағы негізгі мақсат – жұмыс берушілер мен бітіруші түлектер арасында еркін диалог алаңын қалыптастыру, нарықтағы сұранысқа ие мамандықтарды анықтап, соның негізінде мамандар даярлау. Мұндай жәрмеңке жыл сайын университет қабырғасында әртүрлі форматта өтеді. Жәрмеңке нәтижесінде бітіруші түлектер өздеріне керекті жұмыс орындарымен танысып, жұмысқа орналасады. Жыл сайынғы өткен жәрмеңке нәтижесінде университет түлектерінің 95 пайызы жұмыспен қамтылды.

Бүгін өткізілген жәрмеңкеде университеттің бірінші проректоры Бекенова Лидия Молдабайқызы шараға келген жұмыс берушілерге алғыс айтып, студенттерді мансап жолындағы алғашқы қадамдарымен құттықтап, университет түлектерін жұмыспен қамтуға арналған жобалар туралы айтты. Іс-шарада Алматы қаласы, Алматы облысынан бөлек, алыс аймақтардан келген жұмыс берушілерге сөз беріліп, жұмыс орындары туралы баяндауына, өз мекемелері туралы ақпарат беруіне мүмкіндік берілді. Бос орындар жәрмеңкесіне қатысушы жұмыс берушілерге 2024 жылы бітіретін түлектер туралы ақпаратты “Педагогика, бизнес және құқық” институтының директоры Нурлихина Гүлмира Болатқызы таныстырды.

Оқу орнында дәстүрлі түрде өткізіліп отыратын жәрмеңкеге 40-тан астам мекеме қатысты. Олардың қатарында орта білім беру ұйымдары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, жекеменшік білім беру ұйымдары, өндірістік және сатумен айналысатын компаниялар бар. Іс-шараға қатысқан жұмыс берушілер тарапынан 400 бос жұмыс орны ұсынылды. Жәрмеңкеге келген мекемелер бітіруші түлектермен ашық сұхбаттасып, өз кезегінде жұмысқа қабылдайтыны туралы мәлімдеді.