Казахстанский стрелок Максим Почивалов одержал победу на международном турнире GREEN CUP, проходящем в итальянском городе Тоди, сообщает Национальный олимпийский комитет.
Наш соотечественник завоевал золотую медаль в дисциплине «скит» среди юниоров.…
Одна из основных задач правительства заключается в развитии казахстанского содержания, максимальном повышении локализации при производстве той или иной продукции. Об этом на пресс-конференции заявил глава камбина Олжас Бектенов.
«Резервы роста…
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесіп, бұл әңгімені «өте жақсы» деп сипаттады. Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Telegram-арнасында хабарлады, деп хабарлайды barysmedia.com.
Зеленскийдің айтуынша,…
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстанда 45,7 мың отбасы немесе 245,5 мың адам атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуда. Бұл мақсатқа жалпы 16,2 миллиард теңге бөлінді. Ал 2025 жылға арналған…
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов үкімет отырысында теңге бағамының динамикасы туралы айтты, - деп хабарлайды barysmedia.com.
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жыл басынан бері теңгенің бағамы бір доллар үшін 519,73…
В сельском округе Коксун Абайского района открылся новый модульный ветеринарный пункт. Объект построен в рамках Концепции развития агропромышленного комплекса на 2021-2030 годы, сообщили в Министерстве сельского хозяйства.
«Новый ветеринарный пункт…
Сборная Казахстана успешно выступила на международном турнире World Taekwondo Diamond Game 2025 G-4, проходящем в Южной Корее, сообщили в Национальном олимпийском комитете.
Наша команда дошла до финала в соревнованиях среди…
В регионе реализуется масштабный проект по модернизации и расширению птицефабрики, а также строительству нового комбикормового завода. Общая проектная мощность птицефабрики составит 200 млн штук яиц, а также 10 тыс. тонн…
«Қазгидромет» РМК алдағы бірнеше күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды barysmedia.com.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, найзағай күтіледі. 16 шілдеде батыста,…
Қасым-Жомарт Тоқаев "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады, - деп хабарлайды barysmedia.com.
Мемлекет басшысына ұлттық компанияның атқарған жұмысының нәтижесі таныстырылды. Президентке бүгінгі таңда еліміздегі газдандыру деңгейі 62,4…
Қасым-Жомарт Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады, — деп хабарлайды barysmedia.com.
Мемлекет басшысына ұлттық компанияның атқарған жұмысының нәтижесі таныстырылды.
Президентке бүгінгі таңда еліміздегі газдандыру деңгейі 62,4 пайызға жеткені жөнінде баяндалды. Соңғы үш жылда 1,7 миллион отандасымыз табиғи газдың игілігін көре бастады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жетісу облысының 66 елді мекенін газбен қамтамасыз ететін Талдықорған – Үшарал газ құбырының желілік бөлігінің құрылысы аяқталғаны туралы есеп берілді. Бұдан бөлек, Қашаған кен орнында сұйытылған мұнай газын ауыстырып тиеу және фракциялау зауытының құрылысы, Бейнеу – Бозой – Шымкент магистральдық газ құбырының екінші желісін салу жұмыстары басталды. Түрік инвесторы – ESTA компаниясының қатысуымен құны 1,35 миллиард доллар болатын карбамид зауытының жобасы қолға алынды.
Санжар Жаркешовтың айтуынша, ресейлік көгілдір отынды Қазақстан арқылы Өзбекстанға тасымалдау көлемінің артуы – саладағы маңызды жетістіктің бірі. Сондай-ақ ұлттық компания басшысы Орта Азия – Орталық магистралды газ құбырында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары жөнінде айтты. Аталған жоба өңірлік энергетика саласындағы маңызды буын ретінде еліміздің рөлін арттыра түседі.
Мемлекет басшысының газдың ресурстық базасын дамытуға қатысты тапсырмасын орындау аясында бірқатар стратегиялық келісімге қол қойылды. Олардың қатарында «Аққұдық» және «Северный-2» учаскелеріндегі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, сондай-ақ CNPC компаниясымен бірлесе «Северный-1» учаскесінде барлау жұмыстарын жүргізу туралы келісім бар.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына газ саласында цифрлық шешімдер енгізу, соның ішінде NVIDIA жаңа графикалық чиптерімен жұмыс істейтін суперкомпьютерді қолдану жоспары жайында баяндалды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жылыту маусымына дайындыққа, еліміздің газ саласындағы әлеуетін жоспарлы түрде нығайтуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.