Skip to content Skip to sidebar Skip to footer
news
Category image

Новости

Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкиан мен Иран халқын Ислам Революциясы күнімен құттықтады, деп хабарлайды barysmedia.com. Жеделхатта Қазақстан Президенті Иранның Таяу Шығыс өңірі мен ислам әлеміндегі іргесі берік, беделді мемлекет екенін атап…

Қазақстандықтар бір жылда 304 млрд теңге айыппұл төлеген

Соңғы бес жылда Қазақстанда тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықтар саны 2,5 есе өскен, деп хабарлайды barysmedia.com. 2024 жылы мұндай құқықбұзушылықтар саны 15,1 миллионнан асса, 2019 жылы тек 6,1 миллион болған. Әрбір…

Арыстанбек Мұхамедиұлы аштық жариялады

 Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға бас бостандығынан айырғанына наразы екенін білдіріп, аштық жариялады, деп хабарлайды barysmedia.com. Бұл туралы оның Facebook парақшасында жарияланған жазбада айтылған.  «Мен аштық жариялаймын. Өйткені өзімді әу бастан-ақ…

Шетелдік компаниялар Қазақстанға қанша салық төледі?

ҚР Қаржы министрлігі "Google салығы" енгізілгелі бері шетелдік интернет компаниялар Қазақстанға қанша салық төлегенін айтты, деп хабарлайды barysmedia.com. Қаржы министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта елімізде осы талап бойынша 101 шетелдік компания…

Қазақстанда баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады

 Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда баспана бағасы бір жылда 4 пайызға көтерілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды barysmedia.com. Өсім, әсіресе, Павлодар, Ақтөбе, Көкшетау қалаларында байқалады. Екінші нарықтағы тұрғын үй мен жалға берілетін пәтер…

Damumed ақпараттық жүйесіне заңсыз қол жеткізгендер әшкереленді

Жетісу облысының екі тұрғыны Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізгені үшін сот үкімімен жазаланды, деп хабарлайды barysmedia.com. Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Денсаулық сақтау министрлігінің "Тіркелген халық тізілімі" және Damumed ақпараттық жүйелеріне рұқсатсыз…

Бүгінгі ауа райы болжамы

Синоптиктер 10 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды barysmedia.com. Алматы Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Жел шығыстан 2-7 м/с соғады. Ауа температурасы…

Арал теңізіне 1 млрд текше метр су жіберілді

Арал теңізін қалпына келтіру мақсатында Солтүстік Аралға 1 миллиард текше метр су жіберілген, деп хабарлайды barysmedia.com. Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың қазанынан 2025 жылдың қаңтарына дейін Солтүстік Арал теңізіне 1…

Тоқаев жастар форумында сөз сөйледі

Президент Астанада өткен жастар форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды barysmedia.com. Жиынға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы жастардың бастамаларына қолдау білдіріп, олардың қамқорлығы, жасампаздығы және ел өміріне белсене араласқаны үшін…

Мемлекет кәсіпкерлердің заңды қызметіне ешқандай кедергі келтірмеуге тиіс — Тоқаев

Отандық кәсіпкерлермен кездесуде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жаңа шындықтарға бейімделуі және түбегейлі қайта құрылуы қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды barysmedia.com. Стратегиялық міндет ретінде ол экономиканы нығайту және Қазақстанның…

Отандық кәсіпкерлермен кездесуде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жаңа шындықтарға бейімделуі және түбегейлі қайта құрылуы қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды barysmedia.com.

Стратегиялық міндет ретінде ол экономиканы нығайту және Қазақстанның өңірдегі көшбасшылық рөлін күшейту керектігін атап өтті. Бұл маңызды миссияны орындауда қазақстандық бизнеске айрықша жауапкершілік жүктеледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет пен бизнес арасындағы қарым-қатынасты цифрландыру өзекті екеніне назар аударды

➤ Президенттің айтуынша, бұл – бизнестің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ең тиімді жолы. Ал мемлекет үшін басы артық бюрократияны қысқартатын, жемқорлық тәуекелдерінің алдын алып, жалпы тиімділікті жақсартатын маңызды қадам.

➤ Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, былтыр көктемде болған су тасқыны кезінде қаржылай қолдау көрсеткен барша кәсіпкерлерге, сондай-ақ «Қазақстан халқына» қорына жарна салған бизнес өкілдеріне алғыс айтты. Қор қаржысы денсаулық және білім беру салаларындағы өзекті әлеуметтік міндеттерді шешуге жұмсалып жатыр.

«Мемлекет еліміздің өндірісіне қаржы салатын, тұрақты жұмыс орындарын ашатын адал кәсіпкерлерді әрдайым қолдайды. Бәріңізді жақсы танимын. Соңғы үш жылда мемлекет пен бизнес арасындағы ықпалдастық пен өзара түсіністік айтарлықтай нығайғанын көріп отырмыз. Мемлекетке пайдамды тигізсем деген отаншылдық ұстанымдарыңызды жоғары бағалаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жиын барысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, «Resmi компаниялар тобы» ЖШС, «RG Brands» АҚ президенті Қайрат Мәжібаев, «Қазақмыс Холдинг» директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай, InDrive компаниясының бас атқарушы директоры Арсен Томский, «AUDACIA Express» ЖШС бас директоры Бақытбек Қадыров, «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова, «BI-Group» холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев, «Karazhal Operating» компаниясының тең иегері, «Paryz» ҚР Жұмыс берушілер ұлттық конфедерациясы төралқасының төрағасы Жұмабек Жанықұлов, «Евразия инвест» ЖШС директоры Иван Георгиади, «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС бас директоры Сергей Барон, «Атамекен» ҰКП төралқасының төрағасы Райымбек Баталов сөз сөйледі.

Сонымен қатар Freedom Holding Corp басқарма төрағасы Тимур Турлов, ЦАРКА президенті Олжас Сәтиев, «ЭлтексАлатау» ЖШС директоры Нұрлан Жәнібеков, «Aq Niet Group» ЖШС Бақылаушылар кеңесінің мүшесі Нұржан Ниязәлиев, Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қауымдастығының төрағасы Айбек Барысов пікір білдірді.

Олар бизнестің ел дамуына қосатын үлесі, жаңа экономикалық сын-қатерлерге бейімделу жолдары және Қазақстанның өркендеуіндегі кәсіпкерліктің рөлі туралы пікірлерімен бөлісті.

şans casino |
vidobet |
vidobet |
vidobet güncel giriş |
vidobet giriş |
casinolevant |
casinolevant |
casinolevant |
vidobet giriş |
şans casino |
casinolevant giriş |
casino şans |
şans casino giriş |
casino levant |
casino şans |
casino şans |
boostaro |
casinolevant giriş |
şans casino giriş |
casinolevant giriş |
şanscasino |
vidobet |
vidobet giriş |
levant casino |
galyabet |
gorabet |
galyabet |
galyabet |
galyabet |
galyabet |
galyabet |
gorabet