Skip to content Skip to sidebar Skip to footer
news
Category image

Новости

Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады

Қазақстандық оқушылар үшін көктемгі демалыс 21-31 наурыз аралығында өтеді, деп хабарлайды barysmedia.com. Көктемгі демалыста мектеп оқушылары 11 күн демалады. III тоқсан мектеп бағдарламасындағы ең ұзақ тоқсан болып саналады, ол 10…

Тоқаев Дариға Тілендиеваның туыстарына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Дариға Тілендиева дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды barysmedia.com. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі композитор, «Отырар сазы» ұлт аспаптары академиялық оркестрінің негізін қалаушы Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет…

Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қоры таратылды

Перизат Қайраттың “Biz Birgemiz Qazaqstan 2030” қоры таратылды, деп хабарлайды barysmedia.com. Астаналық сот Перизат Қайраттың қорын тарату туралы талап-арызды қарады: - Ұйым 2021 жылғы 11 қазанда тіркелген. Құрылтайшылары Перизат Қайратты…

ҚҚС бойынша жаңа шек: депутаттар қарсы ұсыныс жолдады

Мәжіліс депутаттары Үкіметке ҚҚС-тың (НДС) жаңа шегін белгілеу жөнінде қарсы ұсыныс жолдады, деп хабарлайды barysmedia.com. 20 ақпанда Салық кодексі жобасына түзетулер Парламентке ұсынылды. Ол ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою…

Ақ үй Украинаға әскери көмек беруді неліктен тоқтатқанын түсіндірді

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт брифингте АҚШ-тың Украинаға әскери көмекті тоқтатуы – қаржыландыруды қайта қарастыруға байланысты уақытша үзіліс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды barysmedia.com. Ливитттің айтуынша, Ұлттық қауіпсіздік кеңесі бұл шешімді қабылдаған. "Олар (Ұлттық қауіпсіздік кеңесі)…

“Жетісу” футбол клубының директоры сотталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Жетісу» футбол клубының  директоры сотталды, деп хабарлайды barysmedia.com. Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубы КМҚК директоры К.Дөңсебаевқа қатысты үкім шығарды.  Тергеу мәліметі бойынша, ол…

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" Алматы мен Астанадағы 6-8 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды barysmedia.com. Алматы ? 6 наурыз – Күн ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман түсіп, жолдар көктайғақ болуы мүмкін.…

Талдықорғанда зауыт салынады

Астанада тау-кен өндірісі үшін маңызды оқиға орын алды: мыс өндіруші KAZ Minerals компаниясы ұнтақтау шарларын шығаруда әлемдік көшбасшы саналатын чилилік ME Elecmetal компаниясымен оффтейк-келісімшартқа қол қойды. Бұл келісім аясында Талдықорғанда заманауи зауыт салу жоспарланған, деп…

Қайтарылған активтер: 4,2 миллиард теңге қайда жұмсалады?

Қызылорда облысының Арал ауданында сумен жабдықтау жүйесін салу және жаңғырту мақсатында Арнаулы мемлекеттік қордан 4,2 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды barysmedia.com. Бұл қаражат 3 мыңнан астам тұрғыны…

Алматыда қорғаныс саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды

Алматыда өткен қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қауымдастығының III конференциясында қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру мен орындаудың басымдықтарын айқындады, деп хабарлайды barysmedia.com. Конференцияға қатысушылар қорғаныс саласын дамытудың…

Алматыда өткен қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қауымдастығының III конференциясында қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру мен орындаудың басымдықтарын айқындады, деп хабарлайды barysmedia.com.

Конференцияға қатысушылар қорғаныс саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Кәсіпкерлердің пікірінше, келісімшарттың бір жылдық мерзімі күрделі жұмыстарды, жоғары технологиялық тапсырыстарды орындау үшін жеткіліксіз. Іс жүзінде олар көптеген компоненттерді жеткізуді талап етеді, ал қазіргі кезде логистикаға қатысты мәселелер келісімшарт талаптарының бұзылуына әкеледі.  

Қорғаныс министрі жасалатын келісімшарттардың мерзімін үш жылға дейін ұлғайтуды қарастыруды ұсынды, сонымен қатар ол мемлекеттік орган мен қорғаныс-өнәркәсіп кешендері кәсіпорындары қауымдастығының отандық өндірісті дамыту және жалған кәсіпкерлік, жасырын импорт пен бағаны негізсіз көтеру фактілерін анықтауға күш-жігерді біріктіруге шақырды.

– Бүгінде қорғаныс-өнеркәсіп саласында 120-дан аса компания бар, дегенмен олардың барлығы нақты өндірушілер емес. Олардың біразы өнім шығармай-ақ мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында қаржы алуды көздейтіндер, – деді ол. 

Қорғаныс министрінің пікірінше, бұл мәселені құрамында Қорғаныс министрлігі, Бас прокуратура, ҚР Қаржы мониторингі агенттігі және «Атамекен» ҰКП өкілдері бар комиссия құру арқылы шешуге болады. Бұл комиссия өзін әскери мақсаттағы өнім өндірушілер ретінде көрсететін кәсіпорындарды тексереді. Одан өзге министр, шетелден технологияларды сатып алу кезінде де өндірісті одан әрі оқшаулау Қазақстанда болуы тиіс екенін атап өтті. 

Сонымен қатар, қорғаныс ведомствосының басшысы Семей танк жөндеу зауытының базасында кластер құру қажеттігін мәлімдеді. 

– Өндіріс орны бронды танк техникасын ғана емес, қару-жарақты, артиллериялық жүйелерін, трансмиссиялардың күштік қондырғыларын жөндеуге де мамандануы тиіс. Мұның бәрі орындалуы керек, – деді министр.

Конференция қорытындысы бойынша Қорғаныс министрлігі мен Қорғаныс-өнеркәсіп кешендері кәсіпорындарының қауымдастығы отандық қорғаныс саласын дамытудың бірыңғай стратегиялық тұғырнамасын әзірлеу үшін бірлескен комиссия құруға шешім қабылдады.

Қорғаныс министрі қауымдастық мүшелері көтерген барлық мәселелер өзекті болып табылатынын атап өтіп, бағаны реттеу мен келісімшарттардың мерзімдерін ұзарту жөнінде бірқатар тапсырмалар беретінін алға тартты. Сондай-ақ ол Қорғаныс министрлігі мен Қорғаныс-өнеркәсіп кешендері кәсіпорындары қауымдастығының өкілдері кіретін жұмыс тобы шеңберінде барлық проблемаларды шешуге болатынына сенім білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, 2025 жылғы 13 ақпанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Президент Жарлығының қабылдануымен мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру міндеттері Қорғаныс министрлігінің қарамағына берілді.

şans casino |
vidobet |
vidobet |
vidobet güncel giriş |
vidobet giriş |
casinolevant |
casinolevant |
casinolevant |
vidobet giriş |
şans casino |
casinolevant giriş |
casino şans |
şans casino giriş |
casino levant |
casino şans |
casino şans |
boostaro |
casinolevant giriş |
şans casino giriş |
casinolevant giriş |
şanscasino |
vidobet |
vidobet giriş |
levant casino |
vidobet giriş |
nigeria betting |
sports betting |
deneme bonusu veren siteler |
sweet bonanza oyna |
casinolevant giriş |
casinolevant |
deneme bonusu veren siteler |
deneme bonusu veren siteler |
deneme bonusu veren siteler |
goka |
nigeria betting |
gorabet |
gorabet giriş |
gorabet |
gorabet giriş |
gorabet |
gorabet giriş