Share This Article
Бүгін Абай, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Жамбыл облыстарының бірнеше мектебінде бірінші ауысым оқушылары қолайсыз ауа райына байланысты сабақтарын қашықтан оқыту форматында жалғастырады, деп хабарлайды barysmedia.com.
Абай облысы
Абай облысы әкімдігінің мәліметінше, Бесқарағай ауданының 21 мектебіндегі 1-9 сынып оқушылары, сегіз мектептің 1-4 сыныптары, төрт мектептің 1-9 сыныптары және Бородулиха ауданының екі мектебінің 1-11 сыныптары қашықтан оқуға көшірілді. Сонымен қатар, Жарма ауданының бес мектебінде 1-4 сынып оқушылары, екі мектебінде 1-9 сынып оқушылары онлайн оқытылуда.
Жаңасемей ауданының бір мектебінде 1-11 сыныптар, тағы бірінде 1-4 сыныптар, сондай-ақ Аягөз ауданының барлық мектебінің 1-11 сыныптары қашықтан оқуға ауыстырылды. Семей қаласындағы мектептерде 1-9 сынып оқушылары үшін қашықтан оқу форматы ұйымдастырылды. Абай облысының басқа аудандарындағы мектептер штаттық режимде жұмыс істейді.
Шығыс Қазақстан облысы
YK-news.kz мәліметінше, көктайғақ салдарынан Өскемендегі барлық мектептің бірінші ауысымындағы 0-11 сынып оқушылары сабақтарын онлайн режимде оқып жатыр.
Қостанай облысы
Ұзынкөл және Меңдіқара аудандарындағы мектеп оқушылары да қашықтан оқуға көшті.
Жамбыл облысы
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Тараз қаласы мен Жамбыл, Жуалы және Байзақ аудандарындағы бірінші ауысым оқушылары онлайн форматқа ауыстырылды.
Қолайсыз ауа райы жағдайы білім беру процесін қауіпсіз өткізу үшін арнайы шараларды талап етіп отыр.