Share This Article
Қазақстанның екі облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды barysmedia.com.
2025 жылғы 6 ақпан сағат 11:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:
Ақтөбе облысы:
- “РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы” автожолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін).
Қызылорда облысы:
- “РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы” автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін).
Жолды 2025 жылғы 6 ақпан сағат 20:00 ашу жоспарланған.