Share This Article
Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының (АЭС) құрылысы 12 жылға дейін созылуы мүмкін. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттік мәлімдеді, деп хабарлайды barysmedia.com.
Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, АЭС құрылысының болжамды аяқталу мерзімі – 2035–2036 жылдар. Бұл мерзім әлемдік тәжірибеге негізделіп есептелген.
«Халықаралық тәжірибе атом электр станциясын жобалау, салу және іске қосу процесі шамамен 10–12 жылға созылатынын көрсетіп отыр. Осыған байланысты елімізде салынатын АЭС-тің құрылысы да 2035–2036 жылдары аяқталады деп күтілуде», – делінген агенттік хабарламасында.
Сондай-ақ аталған жобаны жүзеге асыруға ниетті “Росатом” мемлекеттік корпорациясы бұл мерзімге сәйкес келетінін растаған.