Share This Article
“Қазгидромет” РМК синоптиктері 2025 жылдың 21-23 қаңтары аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстан тұрғындарын ауа райының нашарлауына және температураның күрт өзгеруіне дайын болуды сұрады, деп хабарлайды barysmedia.com.
Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік өңірлерде қар, шығыс пен оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын жауады.
Сондай-ақ, республика бойынша боран соғып, көктайғақ болып, тұман түсіп, екпіні 15-28 м/с болатындай жел күшейеді. Ал Қазақстанның шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 30 м/с және одан да қатты жел күтіледі.
“Бүкіл ел бойынша температура күрт төмендейді, солтүстік жартысында 25-35 градус аязға дейін, оңтүстігінде 15-25 градус аязға дейін болады”, – деп жазылған хабарламада