Share This Article
Қазақстанның атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев елімізде салынатын алғашқы атом электр станциясының (АЭС) болжамды құнын жариялады, деп хабарлайды barysmedia.com.
Ведомство басшысының айтуынша, жобаның нақты құны техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) дайын болған соң анықталады. Қазіргі уақытта әлеуетті вендорлардың ұсынған индикативті параметрлері құпия сақталады, себебі олар құпиялық туралы келісіммен қорғалған.
«Конкурстық процедураларға қатысу аясында вендорлар өз ұсыныстарын берді. Біз әзірге бұл ақпаратты жариялай алмаймыз. Дегенмен, әлемдік тәжірибеге сүйенсек, осындай деңгейдегі атом электр станциясының құны кем дегенде 14 миллиард долларды құрайды», – деді Алмасадам Сәтқалиев.
Айта кетейік, Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясы Алматы облысының Жамбыл ауданында салынатын болады.