Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президенті Серджо Маттарелламен келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысының Италияға ресми сапары Президент Серджо Маттарелламен кездесуден басталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде бұл Қазақстан Президенті ретінде Италияға жасаған алғашқы сапары екенін атап өтіп, қонақжайлық көрсеткені үшін Серджо Маттареллаға алғыс айтты. Мемлекет басшысы еліміздің Еуропа Одағындағы сенімді серіктестерінің бірі – Италия Республикасымен қарым-қатынасы ұзақ…
Қазақстандық автокөлік иелері VIP нөмірлерге шамамен 10 миллиард теңге жұмсаған, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Мемлекеттік корпорация мәліметінше, 2023 жылы 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмірлері ең жылдам сатылған нөмірлер болып табылады. Әр нөмір бағасы 57 АЕК (2024 жылы 210 444 теңге) болады.
VIP-нөмірлер қатарындағы әріптері бірдей ең қымбат…
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Ведомство мәліметінше, 2023 жылы республикалық бюджеттен 2,3 миллион адамға 3,3 триллион теңгеден аса сомаға зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 1 триллион 16,6 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 триллион 297,4 миллиард теңге бөлінген.
"2023 жылғы 1 қаңтардан бастап…
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен TAV Airports Holding компаниясының президенті Серкан Каптан Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалының құрылысын және елімізде өзге де инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Үкімет еліміздің көлік-логистика әлеуетін арттыруға үлкен көңіл бөлетіні аталып өтті. Сондықтан Алматыда жаңа халықаралық терминал құрылысы сынды үлкен жобаны жүзеге асыру стартегиялық…
Тоқаевты Италияға ресми сапармен барды. Қазақстан президентін Рим әуежайынан Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды, - деп хабарлайды barysmedia.com Ақордаға сілтеме жасап.
Президентті күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.
Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Италия президенті Серджо Маттарелламен, премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.
Сонымен қатар, президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек…
Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев тағы бір бап бойынша айыпталып жатыр, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Бұған дейін бұрынғы министрге қатысты іс "Аса қатігездікпен кісі өлтіру" бабы бойынша тергелген еді.
Енді Бишімбаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2- тармағы, яғни "Азаптау" бойынша қосымша айып тағылып отыр. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
ІІМ жүргізушілерді қолайсыз ауа райында алыс сапарларға шықпауға шақырды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ІІМ мәліметінше, ауа райының бұзылуы, жолдың нашар көрінуі, сондай-ақ жолдарда көктайғақ кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі. Қыстың басынан бері мыңнан аса, оның ішінде қаңтарда үш жүзден аса жол…
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов әкімдіктерді электр желілерін дамыту жұмыстарынан шеттеп қалғанына және инвестициялық бағдарламалардың орындалуын бақылап отырмағаны үшін сынға алды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Оның айтуынша, бұрын басталған ірі жобаларды іске асыру созылып кетті. Солардың бірі – Екібастұз ГРЭС-2-нің 3-ші энергия блогын салу жұмыстары.
"Бір ай мерзімде құрылыс жұмыстарын бастау қажет", - деді Әлихан Смайылов.
…
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 2030 жылға қарай елімізге электрді өндірудің қазіргі қуаты жеткіліксіз болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Оның айтуынша, энергетикалық қауіпсіздікті сақтау, ел экономикасы мен халықты сенімді энергиямен жабдықтау қажеттігін, сондай-ақ электр энергиясын тұтынудың жыл сайынғы өсуін ескере отырып, жаңа энергия қуаттарын енгізу және қолданыстағы электр станцияларын жаңғыртуды жүзеге асыру талап етіледі.
"Бекітілген…
Президент Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековті қабылдады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына Шымкент қаласының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді.
Ғабит Сыздықбековтің баяндамасынан:
былтырғы қорытынды бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 26 пайызға артып, 724,3 миллиард теңгені құрады. Былтыр 1 миллиард 51 миллион теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндірілді. Құрылыс саласы айтарлықтай…
Президент Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековті қабылдады, — деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына Шымкент қаласының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді.
Ғабит Сыздықбековтің баяндамасынан:
- былтырғы қорытынды бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 26 пайызға артып, 724,3 миллиард теңгені құрады. Былтыр 1 миллиард 51 миллион теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндірілді. Құрылыс саласы айтарлықтай жанданып, 1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді;
- өңірде өнеркәсіп саласын дамыту үшін жалпы аумағы 867 гектар болатын 5 өндірістік аймаққа инфрақұрылым тарту жұмыстары қолға алынып, инвестициялық жобалардың пулы жасақталған;
- қазір 128 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 16,4 пайызға көп. Кәсіпкерлікті дамыту үшін 3498 жобаға жалпы сомасы 19,8 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетілген;
- қалада жаңа әуежай терминалының құрылысы және теміржол вокзалын реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр;
- шаһарда «Ізетті зейнеткер» сауықтыру орталығы, Конгресс холл, Үстел теннисі кешені және жаңа ипподром сияқты нысандар салынған;
- былтыр үш мектепке қосымша ғимарат, Оқушылар сарайы және Балаларға арналған шығармашылық орталық ашылған;
- «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 28 мың оқушыға арналған 18 білім беру мекемесінің құрылысы басталған;
- 233 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, үлкен жолайырық пайдалануға берілген;
- қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында биыл қала көшелеріне 3000 бейнебақылау камерасын орнату, 1000-ға жуық көшені жарықтандыру жоспарланған. Соңғы жылдары мұндай жүйелі шараның нәтижесінде қылмыс саны 33 пайызға азайған;
- жылдар бойы қараусыз қалған бұрынғы Фосфоршылар сарайы қала балансына қайтарылды. Орталықтағы «Спутник» гүлзары мемлекет меншігіне өтіп, демеушілер есебінен қайта абаттандырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ғабит Сыздықбековке қала экономикасын одан әрі әртараптандыру, қосымша инвестиция тарту, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдау шараларын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

