Сенат мәжіліске түзетулермен халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі заңды қайтарды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Айта кетейік, бұл заң халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.
Заңды қарау кезінде Сенатта келесі түзетулер енгізілді:
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 428-1-бабының 2-бөлігі бойынша адам өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып қылмыс жасаған жағдайда…
Подробнее
Қасым-Жомарт Тоқаев 18 сәуірде Қазақстанның бірнеше мемлекеттегі елшілерін тағайындады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Мадияр Смәділұлы Меңілбеков Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
Нажмедин Мұхаметәліұлы Қазақстан…
Подробнее
Қаржы министрінің "Қазақстан Республикасының өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін салықтық әкімшілендіруді реттеудің өзге тәртібін белгілеу туралы" бұйрығы күшіне енді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Құжат ТЖ режимі жарияланған өңірлердегі су тасқынынан зардап шеккен адамдардың салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін ұзартуға бағытталған.
Әкімдік су тасқынынан зардап шеккендердің тізіміне енгізген салық төлеушілер келесі жеңілдіктерді пайдалана алады:…
Подробнее
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2024 жылғы 17 сәуірдегі "2024 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы" бұйрыққа қол қойды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
"Демалыс күнін 2024 жылғы 4 мамырдағы сенбіден 2024 жылғы 8 мамырдағы сәрсенбіге ауыстырылады", - делінген құжатта.
Бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Осылайша, қазақстандықтар үш күн қатарынан, яғни 2024…
Подробнее
Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы өтемақы төлеуді осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырды , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу мәселесі бойынша кеңес өткізді. Жиында қаржы министрі Мәди Такиев пен өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың баяндамалары тыңдалды.
Бүгінгі таңда зардап шеккен 3…
Подробнее
Қазақстанда енді мопедті тіркеу міндеттеледі, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Жол жүрісі туралы" заңға жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлдады.
Заң жобасын депутат Екатерина Смышляева таныстырды.
Заң жобасында мынадай нормалар бар:
"Құжат көліктің осы түрінің қозғалысын реттеу…
Подробнее
Қазақстанда алдағы күндері жауын-шашын тоқтап, күн ысиды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Қазгидромет мамандарының мәліметінше, республика аумағының көп бөлігі кең антициклонның ықпалында болады және жауын-шашынның тоқтауы, күндізгі ауа температурасының жоғарылауы күтіледі.
Тек қиыр солтүстікте, шығыс аймақтарда және оңтүстік-шығыстың тауларында атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда…
Подробнее
Air Astana Дубай қаласында нөсерлі жауын салдарынан әуеайлақты су басуына байланысты KC206 Дубай-Астана және KC898 Дубай-Алматы рейстері 16 сәуірден 17 сәуірге ауыстырылатынын нақтылады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Әуе компания жолаушыларды қонақ үйге орналастыру және тамақтандыру үшін барлық шараларды қабылдап жатқанын айтады.
Рейстердің мәртебесін әуежайдың ресми сайтынан тексеру сұралады.
Подробнее
Қырғызстанда танымал TikTok желісі бұғатталады. Қырғызстанның цифрлық даму министрлігі жанындағы байланыс саласындағы реттеу және қадағалау қызметі елдің барлық интернет-провайдерлеріне тиісті өкім жолдады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Министрліктің Vesti.kg-ге берген ақпаратына сай, бұл шаралар Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің хаты негізінде қабылданды.
"Шешім шығаруға TikTok тарапынан "балалардың денсаулығына, олардың физикалық, интеллектуалдық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуына зиян…
Подробнее
Грекияның Олимпия қаласында 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының алауы ресми түрде тұтанды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі. Салтанатты шараға Грекия президенті Катерина Сакеларопулоу, Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах, Париж мэрі Анн Идальго және басқа да ресми тұлғалар қатысты.
Алғашқы эстафеталық алауды ескек есуден Токио Олимпиадасының чемпионы Стефанос Дускос алды. Айта кетейік, алауды барлығы…
Подробнее
Грекияның Олимпия қаласында 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының алауы ресми түрде тұтанды, — деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Салтанатты шараға Грекия президенті Катерина Сакеларопулоу, Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах, Париж мэрі Анн Идальго және басқа да ресми тұлғалар қатысты.
Алғашқы эстафеталық алауды ескек есуден Токио Олимпиадасының чемпионы Стефанос Дускос алды. Айта кетейік, алауды барлығы 600-ден астам адам алып жүреді.
Грекиядан бастау алған эстафета 8 мамырда Францияның Марсель қаласына жеткізіледі. Эстафета барысында Ласко үңгірі, Алезиядағы археологиялық қазбалар, ортағасырлық Каркасонна қаласы, Версаль сарайы және басқа да тарихи-мәдени әрі көрікті жерлер қамтылмақ.