Share This Article
Ата-аналар “Алматыда баланы қайда қыдыртуға болады” деген сұраққа жиі ойланады. Қаламызда көптеген ойын-сауық орталығы, ойын алаңы мен саябақтар және таным көкжиегін арттыратын орындар бар. barysmedia.com балаларға арналған осындай таңдаулы орындарды жинап шықты.
Ойын алаңдары
Aspan park – ауданы 3000 шаршы метрден асатын балалар ойын-сауық орталығы. Мұнда балалар мен ата-аналар Clip N Climb өрмелеу қабырғасын, балалар ойын алаңын, арқан лабиринтін, үлкен батут кешенін және ойын автоматтарын, 1 жасқа дейінгі балаларға арналған ойын алаңдарын таба алады. Келушілерге ыңғайлы болу үшін тамақтануға болатын кафе бар.
Бұл алаң туған күн мен басқа да балалар кештерін өткізуге ынғайлы.
Aspan park-тегі қызмет құны:
– 1 жасқа дейінгі балаларға тегін
– 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға: жұмыс күндері – 2500 теңге, демалыс күндері – 3500 теңге
– 6 жастан асқан балаларға: жұмыс күндері – 5000 теңге, демалыс күндері – 6000 теңге
– Аттракцион (1 сағат) – 2000 теңге
– Бала күту қызметі (1 сағат): жұмыс күндері – 1500 теңге, демалыс күндері – 2000 теңге.
Туу туралы куәлігін көрсеткен туған күн иесіне 50 пайыз жеңілдік жасалады.
Бұл балалар алаңы Сейфуллин даңғылындағы Forum сауда орталығының 5-қабатында орналасқан.
Күн сайын 10:00-22:00 аралығында жұмыс істейді.
Jungle Park – туған күн, мектеп бітіру кештері мен арнайы іс-шараларды өткізуге болатын балалардың ойын-сауық орталығы. Орталықта балалар түрлі аттракциондарға қызықтап, сүйікті мультфильмдерінің кейіпкерлерімен бірге ойнап, қызықты квесттерге қатыса алады. Саябақта Confetti отбасылық кафесі бар.
Jungle Park-тегі қызмет құны:
– 1 жасқа дейінгі балаларға тегін
– 1 жастан 3 жасқа дейін – 4500 теңге, 3 жастан 17 жасқа дейін – 6000 теңге.
Бұл орталық Тимирязев, 42 мекенжайындағы Atakent Mall сауда орталығының 2-қабатында орналасқан.
Жұмыс уақыты күн сайын 10:00-ден 21:00-ге дейін.
Avatariya – балалар ойын-сауық орталығы. Орталық әртүрлі аймақтарға бөлінген. Мұнда балалар батутта секіріп, тік төбеден түсіп, көңілді аниматорлармен ойнайды. Ойын-сауық орталығының аумағында аттракциондар, ойын автоматтары, мейрамхана, мерекелік шараларға арналған VIP бөлмелер бар. Ойын алаңында флешмоб, шоулар мен түрлі ойындар ұйымдастырылады. Балалар сүйікті мультфильмдерін кейіпкерлерімен бірге көріп демалады.
Бұл орталықта жасөспірімдерге арналаған ойын алаңдары да бар. Олардың ең танымалы: Баскетбол, Эверест, төбешіктер, батут саябағы, Лабиринт.
Туған күн иелері құжатын көрсетсе тегін кіре алады.
Avatariya қызмет құны:
– 1 жастан 2 жасқа дейінгі балалар – жұмыс күндері 2700 теңге, демалыс күндері 3200 теңге
– 2 жастан 14 жасқа дейінгі балалар – жұмыс күндері 3700 теңге, демалыс күндері 4500 теңге.
– Мүмкіндігі шектеулі балаларға кіру тегін.
– Көпбалалы отбасыларға: жұмыс күндері 20 пайыз жеңілдік бар
– ересек адамдарға толық билет – 300 теңге.
Бұл орталық Сейфуллин даңғылы, Шолохов көшесі “Жибек Жолы” сауда орталығының 3 қабатында және Жетысу-4, 32/2, “Керуен” сауда орталығының 1-2 қабатында орналасқан.
Жұмыс уақыты күн сайын 10:00-ден 22:00-ге дейін.
NASLEDNIKI – Алматы қаласындағы үш филиалдан тұратын ғарыш стиліндегі балалар ойын-сауық орталығы. Орталықтың 3000 шаршы метрден астам аумағында ойын алаңы орналасқан, сондай-ақ, отбасылық мейрамхана, аттракциондар, батут және т.б. бар.
NASLEDNIKI-дегі қызмет ақысы:
– жұмыс күндері: балалар (бір жастан 13 жасқа дейін) – 4000 теңге, ересектер – 500 теңге;
– демалыс күндері: балалар (бір жастан 13 жасқа дейін) – 5000 теңге, ересектер – 500 теңге;
– Туған күн иесі туу туралы куәлігін көрсетсе – 500 теңге;
– бір жасқа дейінгі балалар – тегін.
Atrium, MAXIMA, SPUTNIK сауда орталықтарында бар.
Жұмыс уақыты күн сайын 10:00-ден 22:00-ге дейін.
Funky Town – балаларға арналған ойын-сауық саябағы 2016 жылдың 26 қарашасында ашылған. Саябақтың ауданы – 1500 шаршы метр. Саябақта 9 қызықты аттракцион және 60-тан аса ойын автоматы бар. Саябақ халықаралық стандарттарға сай жасалған. Барлық жабдық тек Италия, Испания, Ұлыбритания және АҚШ-тан әкелінген.
Funky Town-дағы қызмет ақысы:
– жұмыс күндері: балалар (бір жастан 13 жасқа дейін) – 4000 теңге, ересектер – 500 теңге;
– демалыс күндері: балалар (бір жастан 13 жасқа дейін) – 5000 теңге, ересектер – 500 теңге;
– Туған күн иесі туу туралы куәлігін көрсетсе – 500 теңге;
– бір жасқа дейінгі балалар – тегін.
Aport Mall, Dostyk Plaza секілді сауда орталықтарында бар.
Жұмыс уақыты күн сайын 10:00-ден 22:00-ге дейін.
GRAND PARK – сауда ойын-сауық кешені тек сауда жасайтын орын ғана емес, балаларға арналған түрлі ойын алаңдары бар ерекше мекен. Бұл орталықтан бүлдіршіндермен қатар жасөспірімдерге де арналған ойын бөлмелерін табуға болады. GRAND PARK сауда үйінде сурет студиясы, кітапханалар, балалар аттракциондары, балалар орталықтары, батут, қыздар мен ұлдарға арналған жеке ойын алаңдары, боулинг, мерекелік іс шаралар өткізетін орындар, отбасылық тамақтанатын жерлер бар.
GRAND PARK -тегі қызмет құны:
– 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға: жұмыс күндері -сағатына 2500 теңге, демалыс күндері – 3500 теңге
– 6 жастан асқан балаларға: жұмыс күндері – 5000 теңге, демалыс күндері – 6000 теңге
– Аттракцион (1 сағат) – 2000 теңге
Бұл балалар алаңы Қабдолов, 1 мекенжайында орналасқан.
Күн сайын 10:00-22:00 аралығында жұмыс істейді.
BabyPolis. Бұл ойын алаңының 3000 шаршы метр аумағында карусель, балабақша, батут, лабиринт, арқан саябағы, жарыс жолы, лего сити, оқу паннолары және шағын баскетбол алаңы орналасқан. Мерекелік демалыс күндері орталық қонақтар үшін анимациялық бағдарлама өткізеді.
BabyPolis саябағында баланың туған күнін, мектеп бітіру кешін өткізуге болады.
BabyPolis-тегі қызмет ақысы:
– 14 жасқа дейінгі балалар: жұмыс күндері – 3500 теңге, демалыс және мереке күндері – 4500 теңге;
– 1 жасқа дейінгі балалар – тегін;
– ересектерге: жұмыс күндері – 2800 теңге, демалыс және мереке күндері – 3600 теңге.
6 жасқа дейінгі балалар 18 жастан асқан ересек адаммен бірге жүруі керек.
Орталық Жандосов, 83 мекенжайындағы Almaty Mall сауда орталығының 3-қабатында орналасқан.
Күн сайын 10:00-22:00 аралығында жұмыс істейді.