Share This Article
Алматыдағы 206 мектептің асханасына оқушылардың тамақтану сапасын бақылау үшін бейнебақылау орнатылды, — деп хабарлайды barysmedia.kz тілшісі.
Қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева асхананы жалға алушыларға бейнебақылау камерасын орнатуды міндеттеу үшін білім беру ұйымдарының басшыларына тапсырма берілгенін айтты.
«206 мемлекеттік мектептің асханасына камералар орнатылған (қалада барлығы 215 мемлекеттік мектеп бар). Бұл ведомствоаралық комиссияға кез келген уақытта балаларға арналған тағамдардың қалай дайындалатынын көруге мүмкіндік береді», – дейді Білім басқармасының басшысы.