Share This Article
«Қазгидромет» РМК 5, 6 және 7 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің хабарлауынша, алдағы күндері Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды barysmedia.com.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің көптеген өңірлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 5 шілдеде республиканың солтүстігінде, ал 5-6 шілдеде шығыс өңірлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі және дауыл соғуы мүмкін.
Тек республиканың оңтүстік аймақтарында жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады. Алайда, ел бойынша желдің күшеюі болжанып отыр. Оңтүстікте шаңды дауыл тұрады деп күтілуде.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 5 шілдеде еліміздің шығысында күндізгі ауа температурасы 40-42°С-қа дейін, оңтүстігінде 45-46°С-қа дейін, оңтүстік-шығысында 40-45°С-қа дейін көтеріледі. Қалған өңірлерде ауа температурасының айтарлықтай өзгерісі күтілмейді.
Мамандар тұрғындарға ауа райының күрт құбылуына дайын болып, сақтық шараларын ұстануды ескертті.