Share This Article
“Қазгидромет” РМК 2024 жылдың ақпан айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Консультативті синоптикалық ауа райы болжамына сәйкес, 2024 жылы ақпанда республиканың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы нормадан 1-2° жоғары, Шығыс Қазақстан облысында, Алматы мен Жетісу облыстарының оңтүстік-шығыс жартысында, Түркістан, Жамбыл және Абай облыстарының тау және тау бөктеріндегі аудандарында норма шамасында болады деп күтіледі.
“Ақпанда жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде климаттық норма шамасында, Атырау облысында, Қостанай облысының солтүстік жартысында, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінің тау және тау бөктеріндегі аудандарында нормадан көп болады деп болжанған. Республиканың солтүстік жартысында жауын-шашын көбінесе қар түрінде, оңтүстік жартысында жаңбыр, қар түрінде жауады деп күтіледі. Тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, елдің солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі”, – делінген хабарламада.
Болжам бойынша ақпанның бірінші онкүндігінің басында ҚР басым бөлігінде қар, бұрқасын, кезеңнің ортасында және соңында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
“Ақпанның басында оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында кейде қатты қар жауады деп болжанған. Тұрақсыз ауа райы тұман, көктайғақ және желдің 15-28 м/с дейін күшеюі күтіледі. Республиканың батысында ақпанның басында, бірінші онкүндіктің ортасына қарай басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды, күндіз оң мәндерге дейін көтерілуі күтіледі: солтүстік жартысында -3+2°С дейін, оңтүстігінде +5+15°С дейін. Ақпанның бірінші онкүндігі аяғында температуралық фонның кезекті төмендеуі солтүстік-батыс жартысында, содан кейін ҚР қалған аумағында болжанады”.